Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

ҚОЛЖЕТІМСІЗ ҚОЛЖЕТІМДІ БАСПАНА


17 мая 2013, 17:41 | 1 510 просмотров



Бір ай ішінде еліміздегі баспананың 1 шаршы метрінің бағасы 2.66%-ға өссе, жыл басынан бері бұл көрсеткіш 4.91%-ға қымбаттапты. (Мамыр айындағы пәтердің орташа бағасы - 1 551$ шаршы метр үшін) . Ал бір жыл ішінде (2012 жылдың мамыр айымен салыстырғанда) 13.03%-ға өскен, бұл туралы ақпаратты «КазРиэлт- Недвижимость» агенттігі ұсынып отыр. Жыл басынан бері анау қымбаттады, мынау қымбаттады деген әңгіме көп естідік. Еліміздің ірі қалаларына үйдің бағасы арзан болмағаны бұрыннан белгілі. Қазақтандағы ең қымбат баспана Алматы мен Астанада. Алайда Нью-Йоркте баспана Астана мен Алматыдан қарағанда қолжетімді болып шықты.

Еуропа елдері мен Америкада баспана бағасы Қазақстаннан қарағанда өте қымбат деген түсінік қалыптасқан. Алайда, американдықтар мен еуропалықтардың табысы да жоғары. Сарапшылар қазақстандықтар үшін баспана қаншалықты қолжетімді екенін зерттеп, сол көреткішті басқа 6 мемлекетпен салыстырды. Нәтижесінде қолжетімді деген баспана мүлдем қолжетімсіз болып шықты.

Бағалау әдісі

Баспананың қолжетімділігін анықтау үшін сарапшылар әр елдегі жағдайды 3 критери бойынша салыстырған.

1. Орташа жалақыға алуға болатын тұрғын үйдің шаршы метрінің көлемі.

2. Орташа жалақының қанша бөлігі Ипотекаға кететін айлық төлемді құрайды.

3. Пәтер сатып алу үшін қанша жыл кетеді.

Рейтингті қалыптастыру үшін сарапшылар әр елдегі және қалаларда пәтер шаршы метрінің бағасын, орташа жалақы және ипотекалық несиенің ең төменгі пайыздық мөлшерін негізге алды. Рейтингте көрсетілген бағалардың барлығы рейтинг жасалған уақыттағы доллар бағамымен есептелді.

Зерттеу негізі ретінде 60 шаршы метрлік пәтері алынған. Несие алу уақыты- 20 жыл, алғашқы салым 30%.

Қай елде қолжетімді баспана

Рейтинг басында АҚШ тұр. Бұл елдегі әр қалада баспана қолжетімді. АҚШ тұрғыны орташа жалақысымен (4140 USD) пәтердің 3,34 ш.м (1238 USD ш.м үшін) алу мүмкіндігі бар. Ал қазақстандық болса орташа жалақымен (718 USD) өз елінде пәтердің тек 0,6 ш.м (1156 USD за кв.м) алу мүмкіндігі болады.

Жалақы көрсеткіші ипотека төлеу сәйкестігі бойынша Қазақстан АҚШ- тан да, рейингте зерттелген өзге 6 мемлекетен де артта тұр. АҚШ-та дәл азіргі уақытта ипотекалық несиені жылына 2,5% үстемемен алуға болатынын ескерсек, Қазақстанда бұл көрсеткіш 12,5%-ды құрайы. Тұрмысы орташа американдық ипотекаға өз жалақысының 6,64% -ын (276 USD ай сайын) берсе, қазақстандық тұрғын ипотекаға өз жалақысының 76%-ын (551 USD) жұмсайды екен.

Қолжетімді баспана рейтингінің екінші орында Германия тұр. Бұл елдің орташа тұрмыты тұрғыны 2,5 жыл ішінде баспанаға ақша жинай алады. Үшінші орында Испания, бұл елде ең төменгі ипотекалық мөлшерлеме (1,76% жылына). Орташа жалақысы 2528 USD испандық тұрғын үйдің 1,3 ш.м ала алады, ал жалақысының 16%-ын ипотекаға жұмсайды.

Болгария, Ұлыбритания және Қазақстан рейтингтің сәйкесінше 4,5 және 6 орындарында тұр. Ресей болса, 849 USD орташа жалақымен (1628 USD ш.м үшін) баспананың қолжетімділігі бойынша соңғы орында.

Қалалар рейтингі

Қолжетімді баспана рейтингінің алғашқы үштікте АҚШ қалалары: Лас-Вегас, Чикаго және Лос-Анджелес. Одан кейінгі орында Ұлыбритандық Манчестер қаласы,немістің Кельн және Испанияның Торревьеха қаласы тұр. Берлин, Майами, Нью-Йорк және испанияның Аликанте рейтингіміздің үздік ондығын тұйықтайды. Қазақстан қалалары ішінен тәуір көрсеткіш Қарағанды қаласы 17-орында.

Рейтингіміздің соңына елміздің астаналары (Астана – 19-орын, Алматы – 22- орын) табан тіреді. Елімізің оңтүстік астанасы Алматының тұрғыны орташа жалақысының (952 USD или 144,3 мың.тг) 98%-ын ай сайын ипотеканы (938 USD или 142,1 тыс.тг айына) жабуға жұмсайды. Ал Барелона тұрғыны жалақысының 30,69%-ын, Мадрид тұрғыны - 26,52%, Нью-Йорк тұрғыны - 18,06%, Берлин азаматы - шамамен 16%, Манчестер мен Лос- Анджелес адамдары - 13%, Чикаго тұрғыны- 7%-дан төмен төлейді екен. Алматы мен Астанадағы тұрғын үйдің бағасының бірдей болғанымен, Астаналықтар алматылықтарға қарағанда орташа жалақасының сәл жоғарылау болғандықтан ұтымды жағдайда. Астаналықтар жалақысының (1025 USD немесе 155,3 мың.тг) 92%-ы немесе 945 USD (143,2 мың тг) ипотекалық несиеге жұмсайды.

Бір қызығы, баспана қолжетімділігі рейтингінде Астана мен Лондон орташа жалақы және үйдің шаршы метрінің бағасы критериі бойынша қатар тұр. Бірақ ипотека- жалақы (Астанада -92%, Лондонда-44%) критериі бойынша Лондон бізден ілгері.Орта тұрмысты деңгейлі астаналық лондондық тұрғындай жалақысына шамамен пәтердің жарты шаршысын алса, 2 бөлмелі пәтерді алу үшін екеуінде де 9 жыл 8 ай кетеді екен. Рейтингімізің «аутсайдері» Мәскеу қаласы болды. Ресей астанасының рейтингтен шет қалуының себебі де аян. Мәскеу тұрғыны орташа жалақсына үйдің тек 0,3 шаршы метріне қол жеткізе алады. Ал ипотекалық төлем жалақысының 99,8%-ын құрайды. Сонымен мәскеулік пәтерді тек 16 жылдан кейін сатып алуына мүмкіндік туады.

Қорытынды

Жоғарыда көрсетілген деректерге сүйене отырып, Қазақстандағы жылжымайтын мүліктің бағасы мен халық табысының үйлеспейтінін байқаймыз. Бұл үйлесімсіздік, әсіресе, біздің бас қалаларда көрінеді. Мадрид, Берлин, Нью-Йорк сияқты қалаларда тұрғын үй бағасы Астана мен Алматыға қарағанда қымбат болғанмен, еңбекақы мөлшерінің жоғары деңгейі Еуропа мен АҚШ-та баспананы қолжетімді етеді.

Сенгісіз, бірақ –шындық! Лондонда немесе Нью-Йоркта жергілікті тұрғынға баспана сатып алу, алматылыққа Алматыда үй сатып алғаннан жеңіл. Барселона, Манчестер немесе Ло-Анджелесте баспана алу Қарағанды мен Қостанайдан қарағанда қолжетімді болып тұр. Баспана қолжетімділігі рейтингінде Қазақстан дамыған Ұлыбритания, дағдарыстағы Испаниядан ғана емес, аграрлы-туисттік Болгариядан да артта.

Қазақстана жылжымайтын мүліктің тым қымбаттлығынан басқа ипотекалық несие мәселесі тағы бар. Орта тұрмысты деңгейде өмр сүретін қазақстандық 60 шаршы метрлі пәтер алу үшін ай сайын ақша жинап, 8 жыл уақыт керек екен. Көптеген қазақстандықтар үшін ипотекаға үй алу жалғыз жол болып тұр. Ал қазақстандағы ипотеканың тым жоғары мөлшерлемесі еліміздің қалаларын рейтингімздің соңғы орындарына түсірді. Салыстырған елдер ішінде Қазақтанда несие мөлшерлемесі ең жоғары болып тұр.

Атанада баспана халық үшін Нью- Йорктағыдай қолжетімді болу үшін, пәтердің шаршы метрінің бағасы 833 доллар төмендеп немесе орташа жалақы сомасы 2417 долларға (366 мың тг) дейін көтерілуі керек. айтылған бұл нұсқаның іреу орындалады дегенге сену қиын. Сондықтан бүгінгі күні қолжетімді деген баспана қолжетіміз болып тұр.

Автор:
Мәдина ОМАРҚҰЛОВА