Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

ПЕДИАТР БОЛУ – ӨТЕ ҚИЫН


17 мая 2013, 17:40 | 2 859 просмотров



–Алдымызда жаз мезгілі. Осы уақытта менингит, жұқ¬палы іш ауруларының таралуы жоға¬рылайды. Солардың ал¬дын алу жолдары, сақтану ша¬ралары қандай?

–Расымен де, жаз мезгілі – жұқпалы іш аурулары кеңі¬нен таралатын уақыт. Бұл кезде же-міс-жидек пісіп, балалар да, үл¬кендер де сүйсініп жейді. Кө¬біне қызығушылық жеңіп, қолды да, жемісті де жумай, жеп жіберетін кез болады. Сол кез¬де жуылмаған жеміс пен кір қол арқылы ішке түрлі ин¬фек¬ция кетеді. Мәселен, базарларда жаңа¬дан шыға бастаған құл-пы¬н¬айды алсақ, ол жерге жақын өседі. Ал жерді тыңайту үшін ең алдымен мал мен құстың қи-тезегін төгеді. Ал бұл – ми묬лиондаған микробтардың кө¬бейе¬тін ортасы. Жердегі мик¬робтар міндетті түрде же¬міс¬¬тің қабығына да жұғады. Жалпы, адамның бойында па¬тгендік және патогенсіз деген миꬬро¬бтар болады. Жемісті жу¬май жегеннен кейін, па¬то¬ген¬дік микробтар іштің ми¬к¬рофлорасын бұзады, түрлі асқыну процесі жүріп, ас¬қа¬занда ойық жара пайда болады. Мұның бәрі айтылып жүрсе де, баланың аты – бала, бір сәт ес¬тен шығарып алудың кесі¬рі¬нен балалар ауруханаға түсіп жа¬тады. Ең бірінші біз «не же¬дің?» деп сұрайтынымыз сон¬дықтан. Ең бірінші, жеке бас¬тың тазалығын сақтау, ж嬬¬міс-жидекті жақсылап та¬залап жуып жеу, жас балаларға беретiн жемісті аршып беру секілді қарапайым ережелерді сақтау – көп аурулардың ал¬дын алады. Сонымен қатар жан-жан¬уар мен ит-мысық кемір¬гіштерден жұғатын жұқ¬па¬лар¬дан сақ болған жөн. Мә¬¬селен, тышқан аулайтын мы¬сық өзі ауырмауы мүмкін бірақ ол түрлі инфекцияның тасы¬мал-даушысы болуы анық. Жер¬тө¬ле¬де сақталған көкөністі ты¬ш¬қан аралап кетсе де, ол артынан түрлі «зооноздарды» қалдыруы мүмкін. Осы көкөністі дұрыс тазаламай немесе соны ұстаған қолды ауызға апарып, жұқпаны қалай жұқтырып алғанымызды байқамаймыз. Алда- жалда ауы¬рып қалғанның өзінде, оған аса мән бере бермейтіні бар адам¬дар¬дың. «Бір- екі күн ауырып, тұ¬р¬ып кетеді» деген жаман түс¬і¬нік қалыптасқан. Алайда ау¬ру¬дың өтуі адамның иммунитетіне байланысты. Қорғаныш жүйесі мықты адамдарға еш қауіп жоқ. Ал иммунитеті қалыптаспаған жас балалар үшін алаңдауымыз қажет. Сонымен қатар қазіргі бал¬алар әлсіз, сондықтан олар¬дың ағзасы патогенді жұқ¬па¬лармен күресе алмайды. Негі¬зін¬де емдемесе, өте ауыр жағ¬¬¬дайларға әкеп соғатын жұқ¬па¬лар бар. Жан-жануардан жұғатын жұқпаларды бірден анықтау да қиын. Бала маза¬сызданып, дене қызуы қайта-қай-та көтеріліп, іші өтіп, ты¬мау¬дың белгілері білінсе, бір¬ден дәрігерге қаралу қажет.

–Жалпы, жаз мезгілінде қан¬дай тағамдарды балаға байқап берген дұрыс?

–Қазіргі кезде қалада сүт өнім¬дерін тетрапакеттерде сатып аламыз. Алайда балғын, қол-дың сүтін ішіп, қатық-қай¬мағын жегісі келетіндер көп. Сондықтан қолдың сүтін алады. Оны дұрыс пісірмесе, ол да қауіпті. Қолдың қатығы мен қай¬мағы піспеген сүттен алы¬на-тындықтар, сенімді болмаса, кез келген адамнан сатып алу¬дың жөні жоқ. Әр тағам тер¬мо өңдеуден өтуі тиіс, сонда ғана оның қауіпсіздігіне кепілдік бар.

–Сіз жұмыс істейтін ауру¬хана қаладағы жұқпалы ауру¬ларды емдейтін жалғыз мекеме ғой...

–Қазіргі нарық заманында неше түрлі ақылы емдеу меке¬мелері ашылып жатыр. Олар – жеке кәсіпкерлер. Ден¬сау¬лық сақтау саласында он¬ко¬ло¬гия, инфекция, құрт ауруы жә¬не балалар аурулары тек қана мемлекеттің қарамағында, қазынадан қаржыландырады. Заң бойынша, жұқпалы ауру¬лардың алдын алу, емдеу – мем¬ле¬кеттің шаруасы. Сон¬дықтан жеке жұқпалы аурулар емханасы болуы мүмкін емес. Кейде бізге келіп, жеке, алқылы палата бар ма деп сұрап жатады. Жұқпалардың қатары көп бол¬ған¬дықтан, мәселен, тек менин¬гит¬ті емдеймін деп клиника аша алмайсың. Ал терапия, неврология сынды салалар бойынша жеке емханаларды аша береді. Қазір адамдардың қыз¬мет сапасын салыстыруға мүм¬кіндігі бар. Біріншіден, біз¬дің аурухана – мемлекеттік ме¬кеме. Бүгінде қаптап кеткен клиникалардың сәнді қабыр¬ғалары мен мәрмәр едендерімен салыс¬тыруға келмес, әрине. Алайда бұл жерде жұмыс істейтін дәрігерлердің кәсіби білік¬тілігімен таласа ала¬тын¬да¬ры жоқ. Күніне 100 адам түсіп, сонша адам шығып жатады. Кейде одан да асып кетеді. Мәселен, былтыр жазда бізге күніне 140 баладан келді. Сонда біз ауыр жағдайда келгендерін қабылдап, жағдайы жеңіл-ау д嬬ген¬деріне кеңес беріп қай¬тардық. Ары қарай жергілікті жердегі педиатрлар қадағалауы қажет. Сонда күніне 70 адам¬ның өзін қабылдаудың өзі қан¬ша¬ма күш?! Кейде 35 адамға лайық¬талған бөлімшеде 50 бала жататын кез болады. Осындай уақытқа тап келген ата-аналар¬дың пікірі жақсы болма鬬тыны анық. Содан кейін, елдің бәрінің әлеуметтік жағдайы бір¬дей емес. Ал біздің аурухана – барлығына арналған. Әрине, біздің шетелдік немесе жеке клиникалармен бәсекеге түсе алмайтынымыз анық. Алайда бұл мекемеде көптеген адам¬дар¬дың алғысын алған ақ халат-тылар жұмыс жасайды. Олар¬дың жалақысы аз, жұмысы ауыр. Бір жағдай бола қалса, ең бірінші дәрігерді кінәлі қы¬лады.

–Бүгінгі таңда балалар дәрі¬герлерінің жетіспеу мәсе¬лесі қаншалықты шешілген?

–Қазақс¬танда денсаулық сақ¬тау саласына бюджеттен бөлі¬нетін қаржының аздығынан және көп жылдар бойы оң¬тай¬ландыру жүргі¬зіл¬ген¬діктен бұл салада қордаланған мәселе көп. Бұрынғы жағдай басқаша да, қазіргі жағдай басқаша. Жылдан-жылға ата-аналардың талап- тілектері артып келеді. Әрқайсысы өзінің баласына барлық жағдай жасалып, дәрігердің көп көңіл бөлгенін қалайды. Ал бір басында бір¬не¬ше науқастан бар дәрігер оны бере алмайды. Уақыт өткен сайын, мамандарға түсетін салмақ та артып барады. Мә¬се¬лен, Алматы қаласының ха묬қы қазір 1,5 миллионнан асады. Соның үштен бір бөлігі – балалар. Осындай үлкен қала үшін жұқпалы ауруларды емдейдін жалғыз аурухана аздық етеді. «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасына біз енбей қалдық. Қала үлкей¬геннен кейін, жұқ¬пал¬ар¬дың да саны көбейеді. Бола¬шақ¬та тағы бір осындай ауру¬хана салынса деген тілегіміз бар. Оның үстіне, біздің мекеме кли¬ни¬калық аурухана болғандықтан, жедел жәрдем алып келген балବларды қабылдауға мін¬дет¬тіміз. Бала бізге қызуы көтеріліп, тырыспа беріп, ауыр халде келіп түскенде, біз одан «қайдан келдің, қай жерде тұрасың» деп сұрамаймыз. Жедел жәр¬дем жасаймыз. Сондықтан тек Алматы емес, облыстардан, өзге елдерден де келетін нау¬қас¬тар өте көп. Аурухана дәрігерлеріне түсетін салмақ үлкен. Осы салмақ азайған күні біздің аурухананың жағдайы, қызмет көрсету сапасы жақ¬сарады. Тағы бір мәселе, еліміздің жоғ¬ары медициналық білім бер¬етін оқу орындарында педи¬атрия факультеттері жабылып жа¬т¬ыр. Ал педиатрияға адам ке第¬дейсоқ келмеуі керек. О бас¬та «балалар дәрігері бо¬лам» деген арманмен баруы қажет. Пед¬иатр терапевтің орнына жұмыс істей алады, ал терапевт пе¬диатрдың орнын алмастыра ал¬майды. Себебі 5 айлық 2 ба-ланың салмақтары әртүрлі болғандықтан, оларға беретін дә¬рінің көлемі сал¬мағына қарай, әртүрлі бо¬лады, оған да білім керек. П嬬диатр болу – өте қиын. Дүниежүзі бойынша, ең жо-ғары жал¬ақы алатындар – педиатрлар. Өйткені баланың «мына жерім ауырып тұр» деп ай¬татын тілі жоқ. Үлкен адам¬ның ауруын анықтау оңай. Ал бала тек жылай береді. Осы жағдайлар түрлі белгілеріне қарап, анализ жинап, баланың қай жері ауырып тұрғанын анықтап, диагнозын қояды. Бала дәрігерінде үлкен түйсік бол¬ғаны абзал. Енді елдегі педи¬атрия факультетін жауып тастап, балалар дәрігерлерін жоқ қылмақ. Келешекте баланы кімге қаратамыз? Ал шетелдің тәжірибесінен алған «отба¬сыл¬ық дәрігерлер» біздің жү¬й嬬ге келмейді. Ол өзге елдерде бұ¬рын¬¬нан келе жатқан, жолға қойылған, қалыптасқан мәселе. Ағылшындар мен француздар өздерінің отбасылық дәрігерін ұстап, соған қаралып, үйреніп қалған. Ал біздің қазақ дәрігерге ауруы жаны батқанда ғана барады емес пе?! Бізде бірден ес¬кіні қиратып, орнына жаң¬а¬дан жүйе жасаудың еш қажеті жоқ. Осы аралықта біз жақсы мамандардан айырыламыз. Одан аурудың алдын алу, диаг¬ностика мәселесі кеселге ұш¬ы¬р¬¬айды. Жаңа мамандарды дайындап, олар жүйеге бейім¬делгенше ұзақ уақыт өтіп ке¬теді. Тіпті педиатрия факуль¬тетін бітірген жас маманның өзі дәрігер атану үшін, 4-5 жыл тағы білімін тереңдетеді. Маманданудан өтіп, біліктілігін жетілдіріп, түрлі курстан өтеді. 30 жыл балалар инфекционисті болып жұмыс істеп жүрген менің өзім күн сайын анық¬тамалықты қарап, түрлі кур¬с¬тарға барамын. Өйткені мед¬и¬цина ғылымы күн сайын дамып жатыр. Емдеудің жаңа әдіс¬те¬м嬬¬лері, түрлі дәрі- дәрмек шы¬ға¬ды. Соның барлығын біліп отыру керек. Жедел клиника болғандықтан, шапшаңдықты талап етеді. Жақында ғана неврология бойынша серти¬фикат алдым. Зейнет¬керлікке шықсам да, мені жібермей отыр, осылай кете берсе, біздің орнымызды кім басады?..

–Әңгімеңізге рақмет!

Автор:
Сұхбаттасқан Үмітжан ЖАПАР