Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

ҚҰТЫРҒАН ИТ ҚАПҚАН ӘЙЕЛ КӨЗ ЖҰМДЫ


17 мая 2013, 17:39 | 1 391 просмотр



- Қызылордада құтырған ит қапқан әйел қайтыс болды. Бұл туралы облыстық мемлекетік санитарлық эпидемиологиялық бақылау департаменті бастығының орынбасары Ұлбосын Аханаева хабарлады.

Әйел мен оның төрт жасар қызын ит 10 сәуірде қапқан екен. Бірақ ол дәрігерлерге тек 5 мамыр күні ғана көрінген. Ал келесі күні көз жұмды. Қазір оның қызының ахуалы орта дәрежелі ауыр деп бағаланып отыр.

Әзірге дәрігерлер оның өлімі құтырудың салдарынан болғанын анық айтып бере алмауда. Сараптама қорытындылары тек екі аптадан кейін ғана белгілі болады.

Әйел мен оның қызы қала іргесіндегі Талсуат елді мекенінде тұрған. Дәрігерлер анықтағандай, осы шағын ауылда иттің тістеуінен жалпы жеті адам зардап шегіпті. Бірақ олардың бірде-бірі дәрігерлердің көмегіне сүйенбеген.