Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

ИТІНЕН ҚҰТЫРУ АУРУЫН ЖҰҚТЫРҒАН БАТЫСҚАЗАҚСТАНДЫҚ АЗАМАТТЫҢ ЖАҒДАЙЫ АУЫР


17 мая 2013, 17:38 | 1 277 просмотров



Батыс Қазақстанның облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына Зеленов ауданы Кирсанов ауылынан құтыру диагнозымен түскен 57 жастағы азаматтың жағдайы ауыр.

Аурухананың бас дәрігері Бекет Бадашевтің айтуынша, аталмыш азамат құтыру дертін өзінің итінен жұқтырған. Сәуір айының аяғында ауырған итін өзі емдеген, ал 6 мамыр күні оны атып өлтірген. Ал бір күннен соң өзін жайсыз сезіне бастаған.

Айта кетейік, мұндай жағдай Батыс Қазақстан облысында 2008 жылы орын алды. Орал қаласының тұрғыны итінен құтыру дертін жұқтырып, көз жұмған болатын.