Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

ҚАРТАЮДЫ ТЕЖЕЙТІН ТАБЛЕТКАЛАР РЕСЕЙ ДӘРІХАНАЛАРЫНДА САТЫЛАДЫ


17 мая 2013, 17:30 | 1 493 просмотра



Ғылыми әлемде «сенсация»! Ресей ғалымдары «мәңгі жастық таблеткасы» бола алатын дәрі ойлап тапты. Бұл дәрі кәрлік процестерін баяулатып, өмір жасты ұзартады дейді ғалымдар.

Діңгекті жасушалардың әсері туралы баршаға мәлім. Олар ағзадағы кез-келген жасушаға айналады. Алайда, адам жасы ұлғайған сайын, діңгекті жаушалар қоры да азаяды. Жаңа дәрі G5, бұл жағдайды түбегейлі өзгертеді. Аталған препарат діңгекті жасушаларды «шығаруды» 40 пайызға ұлғайтады. Жануарларға жүргізілген тәжірибе таңғаларлық нәтиже көрсетті. Тәжірибе 2 топқа бөлінген тышқандарға жүргізілген еді. Бір кеміргішке «сиқырлы» препарат беріледі. 18 айдан кейін бірінші топтағы тышқандар екі есе кішірек, ауру болады. Ал препарат берілген тышқандар тағы да 30 ай өмір сүреді. Мамандардың пайымынша, жаңа препарат аса қатерл бауыр, өкпе аурулары мен жүйке жүйесін емдеуге таптырмас дәрі болмақ. «Аталған «сиқырлы дәрі» сонмен қатар адам жадын қалпына келтріп, есте ақтау қабілетін жақсартады, бұл құбылысты «жасару»деп атасата болады –дейді фармаколог мамандар. Өз жұмысының қорытындысын, яғни «қартаюдан сақтайтын» дәріге халық қашан қол жеткізе алатынын ресейлік мамандар нақты айтпайды. Жаңа дәріні әлі адам пайдаланып көрген емес. Еріктілерге клиникалық тәжірибеден өткеннен соң ғана қорытынды белглі болады. Бұл шамамен 1,5-2 жыл уақыт алуы мүмкін.

Автор:
Дайындаған: Мәдина ОМАРҚҰЛОВА