Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

БЕЛОРУСИЯДА ПЛАСТИКАЛЫҚ ОТА САЛДАРЫНАН ЖАС ҚЫЗ КӨЗ ЖҰМЫДЫ


17 мая 2013, 17:27 | 1 632 просмотра



Минскіде мұрнына пластикалық операция жасатқан әйел көз жұмды. Жеке медициналық орталықта ринопластикалық ота жасатқан 23 жасар Юли Кубарева дәрігер қолында мерт болады. Қазір Белорусь Денсаулық ақтау министрлігі барлық клиникаларды тексеруге алған.

Балалық шағында мұрнын жарақаттаған Юлия Кубарева, таңауындағы ақауды пластикалық ота арқылы жөндемек болады. Белорусь БАҚ-на сүйенсек, жоспарланған ота 3 сағатқа созылып, тамырарқылы наркозбен жасалған. Ота аяқталғаннан кейін, хирург кетіп қалады, ал анестезиолог қыздың туыстарына «оятудың қажеті жоқ, өзі оянады» деген көрінеді. Түнге таяу науқас есін жимағаннан медбикелер дәрігерлерді шақырып, қалалық ауруханалардың біріне реанимация бөліміне жөнелтеді. 4 апта бойы Юлия Кубарева комада болып, көз жұмады.

«Беларусь Сегодня» басылымының дерегі бойынша ота кезінде жасанды тыныс алу құралы тоқтап қалған. Басылымда сонымен қатар, анестезиологтың отадан кейін науқасқа дұрыс қарамағандығы жазылған.

Қыздың өлімінен кейін денсаулық сақтау министрлігі барлық клиникаларды толықтай тексеруге алды. Жеке клиникалардағы анестезиолог мамандар және анестезия құралдарға ерекше зерттеу жүргізілді. Ал жас қыздың өліміне себепкер болған клиникаға қылмыстық іс қозғалып, тергеу жұмыстары жүргізілуде. Егер ақхалаттылардың кінәсі дәлелденсе, олар 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Автор:
Дайындаған: Мәдина ОМАРҚҰЛОВА