Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

ҚЫРҒЫЗСТАН ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ДЕНСАУЛЫҚ ҰЙЫМЫНДА ДАУЫС БЕРУ ҚҰҚЫҒЫНАН АЙЫРЫЛҒАН


17 мая 2013, 17:26 | 1 269 просмотров


"Қазіргі уақытта Қырғыз Республикасы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы, Дүниежүзлік еңбек ұйымы, Азаматық авиация халықаралық ұйымында және т.б дауыс беру құқығынан айырылған»- деді Ұлан Жүсіпов, Қырғыз Республикасы СІМ-нің халықаралық ұйымдар және қауіпсіздік департаментінің директоры. Қырғыз Республикасының Халықаралық ұйымдарда дауыс бере алмауының басты себебі мемлекеттің халықаралық ұйымдарға қарыз болуы. Ұлан Жүсіповтың айтуы бойынша Қырғызстан халықаралық ұйымдарға шамамен 1 млрд сом қарыз. Бұл қарыз тәуелсіздік жылдары, әсіресе 90-жылдары жиналған. «Қырғызстан 100-ге жуық халықаралық ұйымдардың мүшесі. Жыл сайынғы мүшелік төлем 200 млн сом құрайды»,-деді департамент директоры. Сонымен қатар ол ұйымға 3-жыл көлемінде мүшелік төлемді өткізбеген ел дауыс беру құқығынан айырылатын айтып өтті.

Автор:
Дайындаған: Мәдина ОМАРҚҰЛОВА