Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

БЕЙСЕН ХАМИТҰЛЫ!


17 мая 2013, 17:23 | 1 308 просмотров



Сізді туған күніңізбен шын жүректен құттықтаймыз! Бүгін қадам басып отырған жаңа өміріңз сәнді, ғұмырыңыз мәнді болсын. От басыңыздан бақ-береке кетпесін, Сізге зор денсаулық, қажымас қайрат, мұқалмас жігер тілейміз.

Ізгі тілекпен Талдықорған аймақтық психоневрологиялық диспансер ұжымы.

БЕЙСЕНБАЙ ХАМИТҰЛЫНА

(Туған күніне арнау).

Қылауланып шашыңның ағарғаны –

Сезіміңнің екшеліп тазарғаны.

Қызыл – жасыл арайлы көктем сайын

Дүр сілкініп жаныңның жаңарғаны.

Бертін келе шашыңның түскендігі –

Жылдан жылға басыңның «піскендігі».

Өмір заңы бұлтартпас осы болар –

Ақылыңның сезімнен үстемдігі.

Есіңде ме бал дәурен бала кезің?

Арман қуған шарықтап сана сезім!

Шоқ боп түскен кеудеңе сол арудың

Аңсайсың ба жалт еткен қара көзін!

Шат – дұманмен өмірді шулата бер,

Тұлпарымен арманның зулата бер.

Нәзік қылын сезімнің дір еткізген,

Сол арудың жүрегін тулата бер!

Неткен өзің өмірде бақыттысың!

Келіп қонған басыңа Бақыт құсың,

Қырандарың ұшырған самғай берсін.

Өзің берген бетке алып бағытты шын!

Құтты болсын асудан асқан күнің,

Жаңа өмірдің есігін ашқан күнің.

Жалтақтамай ешкімге бұрынғыдай,

Болашаққа нық қадам басқан күнің!

Автор:
Ізгі тілекпен әріптесің Нұрдәулет.