Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

СПОРТ


17 мая 2013, 17:22 | 1 293 просмотра



ASTANA ARLANS ДҮНИЕЖҮЗІЛІК БОКС СЕРИЯСЫНЫҢ ЧЕМПИОНЫ БОЛДЫ

Astana Arlans украиналық атамандарды жеңіп, Дүниежүзілік бокс сериясының чемпиондары болды. Елордада өткен Дүниежүзілік бокс сериясының ақтық кездесулерінде он жекпе- жектің нәтижесі бойынша қазақстандық және украиналық командалар арасындағы есеп 5:5 болды. ДБС-тың ережесі бойынша, чемпиондық атақ тағдыры қосымша айқаста шешілді. 54 келіге дейінгі салмақтық дәрежеде қазақстандық команданың өкілі Бағдат Әлімбеков «атамандардың» молдавиялық легионері Александр Рышканға бірде- бір мүмкіндік қалдырмады.Төрешілердің бірауыздан шешімімен Б.Әлімбеков жеңімпаз, ал Astana Arlans ДБС-тың чемпиондары атанды. Дүниежүзілік бокс сериясы. Үшінші маусым. Финал. Астана, Қазақстан. Astana Arlans (Қазақстан) - Ukraine Otamans (Украина) - 6:5.

ҚАЗАҚ БАЛУАНДАРЫ ӘЛЕМДЕГІ

ҮЗДІКТЕР ҚАТАРЫНА ЕНДІ

Халықаралық күрес федерациясы грек-рим күресінен әлемдік рейтингке үш қазақ балуанын енгізді. Рейтингте 2012-2013 жылдары әр салмақта үздік өнер көрсеткен он спортшыдан бар.

Әлемдегі грек-рим күресінің үздік балуандары тізімінде 120 килограмм салмақ дәрежесі бойынша алдыңғы үштікке Нұрмахан Тінәлиев кіреді. Сонымен бірге, 96 килограмм салмақта биылғы құрлық біріншілігінің күміс медалін алған Ерұлан Искаков та әлемдік күрес федерациясының рейтингінде сегізінші орында тұр. Ал 66 килограмм салмақ дәрежесінде биыл Үндістанның Дели қаласында өткен Азия чемпионатының қола жүлдесін иеленген Ербол Қоңыратов үздік он спортшының қатарына кірген.

Еркін күрес түрінен де қазақстандық балуандар Расул Қалиев пен Дәулет Ниязбеков үздіктер қатарында. Азия чемпионатының қола жүлдегері Расул Калиев 55 кг-ға дейінгі салмақта әлемдік рейтингтің үздік ондығына кірді. Ал 60 кг-ға дейінгі салмақта өнер көрсететін Дәулет Ниязбеков үздік ондықтың 8-орнында. Дәулет Азия чемпионатының қола және "Иван Ярыгин халықаралық турнирінің" жүлдегері.

ФРАНК РИБЕРИ: МҰСЫЛМАН ЕКЕНІМДІ БІЛЕ ТҰРА ҮСТІМЕ СЫРА ТӨККЕН БОАТЕНГПЕН БҰДАН БЫЛАЙ СӨЙЛЕСПЕЙМІН

«Баварияның» жартылай қорғаушысы Франк Рибери мюнхендік команданың қорғаушысы Жером Боатенгке өкпелеп қалыпты. Бұл жайында The Sun хабар таратты.Франк Риберидің оған ренжіген себебі, Жером Боатенг Риберидің ішімдікті харам санайтын мұсылман екенін біле тұра чемпиондықты мерекелеу кезінде оның үстіне сыра төккен, деп жазады muslim. kz. Соған қатты ренжіген ол: «Боатенгпен бұдан былай сөйлеспеймін. Мұсылман екенімді біле тұра ол мұны әдейі істеді», - деді.