Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

АРДАҚТЫ АРДАГЕРЛЕР! ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР!


11 мая 2013, 09:21 | 1 675 просмотров



Сіздерді Ұлы Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймын!

- 9-мамыр – тарих төрінен орын алатын ұлы мереке. Адамзат тарихындағы ең қасіретті соғыста көрсеткен ардагерлеріміздің ерліктерінің арқасында бүгін біз бейбіт өмір, бақытты тұрмыс кешудеміз.

Ұлы Отан соғысы жылдары қару асынған жауынгерлермен бірге дәрігерлер де ерлік пен батылдықтың жарқын үлгісін көрсетті. Жүздеген мың дәрігер мен орта медицина қызметкерлері майданда да, тылда да аянбай еңбек етті. Олар Отан қорғау жолында жарақат алған миллиондаған сарбазды емдеп, қатарға қосты. Дәрігерлердің арқасында сол сұрапыл соғыстан аман қайтқан қаншама жан баянды ғұмыр кешті.

Құрметті, Отандастар, Ұлы жеңіс күні құтты болсын! Әкелеріміз бен аталарымыздың ерен ерлігі мемлекетіміздің гүлденуіне, әрбір отбасына баянды бақыт пен күш-қуат берсін. Барлықтарыңызға бақыт, бейбітшілік пен келісім, мықты денсаулық және толағай табыстар тілеймін!

Автор:
Маралбек МЕЙІРБЕКОВ Алматы облысы Денсаулық сақтау басқармасының бастығы