Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

30 МЫҢНАН АСТАМ ҚАРТҚА ҮЙІНДЕ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ


11 мая 2013, 09:19 | 1 226 просмотров



Республиканың денсаулық сақтау жүйесіндегі емханалық мекемелердің барлығында әлеуметтік қызметкерлер мен психологтар институтын енгізу өткен жылы 30 мыңнан астам 60 жастан асқан қартқа өз үйінде медициналық жәрдем көрсетуге мүмкіндік берді, деп хабарлады primeminister. kz ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Әлеуметтік қызметкерлер институтын енгізудің жағымды әсері үйдегі стационарларда емделген 60 жастан асқан адамдардың санының артуы арқылы көрініп отыр. Осылайша, 2011 жылы үйде медициналық көмек қабылдаған 60 жастан асқан адамдар саны 17 222 адам болса, 2012 жылы үйде 30 мыңнан астам қарт емделген», - делінген ведомство хабарламасында.

Айта кету керек, әлеуметтік әлсіз топтарды (зейнеткерлер, мүгедектер, аз қамтылған отбасылар) қолдау мақсатында бұрындары 50% жеңілдікпен жіберіліп келген дәрілер 2012 жылдан бастап тегін беріле бастады.

Сонымен қатар, 2012 жылы ҚР Денсаулық сақтау министрлігі қария кісілердің клубтарын дамыту арқылы медициналық-санитариялық көмек көрсетуді жетілдіру мақсатында үкіметтік емес ұйымдарға әлеуметтік мемлекеттік тапсырыс орналастырды.

Әлеуметтік тапсырыс шеңберінде 6 өңірде: Астана, Қостанай, Павлодар, Өскемен, Ақтөбе және Көкшетау қалаларында қария кісілер клубтары ашылды. Жалпы 2013 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша республика бойынша медициналық ұйымдарда қария кісілердің 27 клубы жұмыс істеп тұр