Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

ҒАЛЫМДАР: БАЙЛАР АЛЛЕРГИЯҒА ЖИІ ШАЛДЫҒАДЫ


11 мая 2013, 09:19 | 1 167 просмотров



Дәулетті отбасылардағы жасөспірімдер кедейшілікте өмір сүріп жатқан қатарластарына қарағанда түрлі аллергияларға көбірек шалдығады. Бұл жайында америкалық ғалымдар мәлімдеп отыр.

ВВС-дің жазуынша, денсаулық саласындағы Ұлттық статистика орталығы зерттеушілерінің есебі бойынша, соңғы онжылдықта АҚШ-та аллергиядан зардап шеккен адамдар саны артып отыр. Азық-түлік өнімдеріне қатысты тіркелген аллергиялық оқиғалар 50 пайызға, ал аллергиялық қышыманың зардабын тартқандар 69 пайызға өскен көрінеді.

Ғаламдардың атап өтуінше, дәулетті жасөспірімдер арасында аллергияға шалдыққандардың саны айтарлықтай жоғары. Сонымен қатар иммигранттардың балалары бұған сирек шалдығатын көрінеді. Зерттеу авторлары аллергияның әрқалай таралуына бір мағыналы түсінік бермей отыр.