Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

ҰОС АРДАГЕРЛЕРІНЕ ТЕГІН КЕШЕНДІ МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТІЛДІ


11 мая 2013, 09:19 | 1 465 просмотров



«Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталығы» АҚ Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне тегін кешенді медициналық қызмет көрсетті. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып, astana.kz сайты хабарлайды.

2-3 мамырда Орталықтың жетекші дәрігер-кардиологтары Астана қаласының Есіл ауданында тұратын Ұлы Отан соғысы ардагерлері және тыл еңбеккерлеріне арнап консультация өткізді. Акция аясында ардагерлер жүрек-қан тамырлары ауруларынан кешенді түрде тексеруден өтті

«2-3 мамырда Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталығы мамандары әр ардагердің үйлеріне барып, олардың кешегі Отан қорғау ісінде көрсеткен ерліктері мен қаһармандықтары үшін алғыс білдіріп, аталған іс-шараға қатысу үшін шақыру берді»,- делінген хабарламада.

Қарияларға шара барысында орталықтың білікті медицина қызметкерлері бірге ілесіп жүрді. Сонымен қатар, барлық ардагерлерге ескерткіш сыйлықтар табыс етілді.