Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

«ТҮРКІМЕНСТАННЫҢ ДӘРІЛІК ӨСІМДІКТЕРІ»


11 мая 2013, 09:18 | 1 256 просмотров



Астанада Түркіменстан Республикасының Президенті Ғұрбанғұлы Бердімұхамедовтің «Түркіменстанның дәрілік өсімдіктері» атты қазақ тіліндегі ғылыми еңбегі таныстырылды.

Аталған кітапта түркімен елінде өсетін көптеген өсімдіктердің биологиялық және химиялық ерекшеліктерін біліп қана қоймай, оларды халық медицинасында қолдану тәсілдері де көрсетілген. Түркіменстан Республикасының Президенті Ғұрбанғұлы Бердімұхамедовтің өзі медицина ғылымдарының докторы ретінде дәрілік өсімдіктердің ерекшеліктерін жақсы біледі. «Біздің ата-бабаларымыз оның барлығын білген ғой. Себебі сол кезде су, ауа мен жердің құпияларын түсінген адамдар ғана өз-өзін емдеп, ұзақ өмір сүрген», - дейді автор.

Автор:
ҚАЗАҚПАРАТ