Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

ҚАЗАҚ КИНОСЫНЫҢ БАЙ ҚОРЖЫНЫНДА ТАҒЫ БІР ТУЫНДЫ


11 мая 2013, 09:17 | 1 115 просмотров



Туынды қазақ киносына үлкен жаңалық әкеледі, деген сенімде кино мамандар.

Соғыс жанрындағы көпсериялы тұңғыш фильм қазақтың батыр ұлы - Қасым Қайсенов туралы. Біртуар болмысы бейнеленеді. Қазақстан, Ресей және Украинаның белді кино мамандары күш біріктіріп түсірген туынды жақында қалың көрерменге көрсетіледі.

Қаһарман Қасым Қайсеновтің аты - жарты әлемге аян. Батырды қастерлейтін ұлттар көп. Әсіресе, украин халқы қайсар қазақ майдангерінің есімін өз батырларының қатарына қосып айтады. Осы елдің кино мамандарының фильм түсіруге атсалысқандары да сондықтан. Жобаны үш отандық телеарна - «Қазақстан» Ұлттық арнасы, «КТК» және «Еуразия бірінші арнасы» қаржыландырған. Нәтижесінде, қазақ киносы тарихында бұрын-соңды болмаған туынды дүниеге келді.

Ілияс Ысқақов, «Қазақстан» Ұлттық телеарнасының директоры:

Бірінші рет болып отырған бұл сериал «movie» форматында түсірілген фильм. Жалпы, мұны көп мемлекеттер іске асырып жатыр. Сіздер өздеріңіздер көрсеңіздер, бұл сондай форматқа көшіріліп, сондай форматқа шыға алатын бірден-бір сериал.

Фильмде қарапайым қазақ баласының ел басына күн туғанда соғысқа аттанған сәті, кейінгі ерліктері кеңінен көрсетіледі. Өзіне берілген тапсырмаларды қайтпас қайсарлықпен орындаған кезі, бірбеткей мінезі бейнеленеді. Көркем туындының сценариі әйгілі партизанның қарапайым да жатық тілмен жазған шығармаларына құрылған. Ал, батырдың рөлін белгілі актер Қуандық Қыстықбаев сомдады.

Арман Шораев, «КТК» телеарнасының бас директоры:

Бұндай сериалдар көп болуы керек. Бізтек қана Қасым туралы түсірдік. Жалпы, бізде мұндай «сен тұр, мен атайын», деген азаматтар көп болған елімізде. Әлиямыз бар, Мәншүгіміз бар, Бауыржанымыз тағы басқалары. Сондықтан, бұл біздің бастамамыз.

«Қасым» фильмі отандық және шетелдік прокатқа шығарылды. 7-10 мамыр аралығында туынды «Қазақстан» ұлттық арнасынан көрсетіле бастады.

Автор:
"ЖД ақпарат"