Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

12 МАМЫР –МЕДБИКЕЛЕР ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КҮНІ


11 мая 2013, 09:16 | 2 912 просмотров



Биыл медбикелер халықаралық күніне 101 жыл болады. Бұл атаулы күн –медициналық күтімнің негізін қалаушы – Ұлыбританиялық медбике Флоренс Найтингейлді еске алу мақсатында бекітілген.

1854-1856 жылдары, Ұлыбритания-Франция бірлескен армиясы мен патшалық Ресей арасында кескілескен шайқас болды. Ұлыбританияның мәлім бір ауруханасында медбикелер жетекшісі болған Найтингейл, 38 медбикені бастап, алғы шепте жаралыларды күтуге атсалысады. Сол кездегі емдеу жұмыстары былыққан күйде болғандықтан, күтім сапасы төмен, жаралылардың өлім көрсеткіші 50-ға жеткен еді. Сол үшін, Найтингейл науқас бөлмелерінің тазалығын барынша жақсартып, күтімді күшейтіп, азықтануды жақсартты. Жарты жылдан соң, жаралылардың өлім көрсеткіші 2,2-ға төмендеді. Бұл игі іс бүкіл Еуропаға тарады. 1860 жылы, ол Ұлыбританияның Лондон қаласында дүние жүзіндегі бірден-бір жүйелі медбикелер колледжін ашты. Оның медбике қызметі жайындағы шығармасы аурухана басқарудың, медбике тәрбиелеудің негіздік оқыту құралына айналды. Найтингейл дүние жүзінің жер-жерінде күтім қызметі мен медбике тәрбиесінің етек алуын алға жылжытуына байланысты, таяу заманғы медициналық күтімнің негізін қалаушыға айналды.

Найтингейл 1910 жылы дүние салған соң, Дүние жүзілік медбикелер қоғамы оның туған күні 12 мамырды «Халықаралық медбикелер күні» етіп белгіледі. Барлық медбикелердің күтімшілік саласының даңқты дәстүріне мұрагерлік етіп, дамытуды, сонымен бірге әр науқасқа «мейірімділік, төзімділік, жіңішкелік, жауапкершілік» сыйлап, медициналық күтім ісін жақсы атқаруды мақсат етті. Мереке бастапқыда «Аурухана күні», сосын «Найтингейл күні» деп аталды. Ал Қытайда «Халықаралық медбикелер күні» деп аталды. Бұл күні, медициналық күтім қызметінің үгітін кеңінен таратып, медбикелерді өлімге арашашы, жаралыға жанашыр болу сынды адамгершілік рухқа шабыттандыратын, дүние жүзіндегі елдердің медициналық күтім жасау әлеміндегі келелі бір шараға айналып отыр.