Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

ЖҰМАГЕЛДИН ӘШІМҒАЛИ ҚҰСАЙЫНҰЛЫ, главный врач ГКП на ПХВ «ЦРБ Аксуского района»


11 мая 2013, 09:15 | 1 564 просмотра



-Менің әкем Ұлы отан соғысының ардагері. Әкем Жұмағелдин Құсайын 1919 жылы Семей облысында дүниеге келген.

1941 жылы ұлы отан соғысы басталғанда өз еркімен Алматы қаласынан арнайы дайындықтан өтіп Панфилов девизиясының құрамында соғысқа қатысты. Москва түбінде Волоколамск тас жолында ауыр шайқаста сол жақ жамбасынан үлкен артеллерияның снарядының жарқыншағы тиіп, қатты жараланып госпмитальға түсті, сол жарақаттың арқасында сол аяғы оң аяғынан 7 см қысқа болды. Арғараттай соғысқа жарамайтындығына байланысты комиссовать етілді. Соғыстан келгеннен кейін екі балдаққа сүйеніп жүріп мұғалімдік оқуға сырттай түсіті негізгі мамандығы математик. Үзіліссіз 56 жыл мұғалімдік мамандықты атқарды. Әкем тарихты өте жақсы білетін, соның арқасында Ескелді бидің 300 жылдығында Орманбет бидін ролін ойнап, бас жүлдені жеңіп алды.

1992 жылы Республика көлемінде тіл жайында өткен «Қарттарым қазынам» деген конкурсқа қатынасып, бас жүлденің жеңімпазы атанды. Осыдан кейін әкеме «Ғасырлар қарты» деген атак берілді. Сарқан ауданының «Құрметті азамты» берілді. Сөзге шешен, тапқыр болуына байланысты әкемді ауданда Құсайын шешен деп атайтын. Әкем спортқа құмар, жақсы өлең айтып, би билейтін, мылтық атқанда құралайды көзге тигізген мерген еді. Көп оқитын, ескі, көне аңыздарды жақсы білетін, сол көп оқығаның арқасында деп ойлаймын. Қазақстан республикасындағы ұлы отан соғысының ардагерлерін 68 жылдық мерекесімен шын жүректен құттықтап , зор денсаулық, бала шаға, немере-шөберелерінің және неменелерінің қызықтарын көріп, ұзақ өмір сүруды шын жүректен тілеймен.