Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

АҒЫБАЕВ ҒАНИ БАРТАЙҰЛЫ, МҚК«Көксу аудандық ОА» бас дәрігері:


11 мая 2013, 09:14 | 1 356 просмотров



-Ел шетiне жау тиiп, халық өмiрiнiң қаймағы бұзылса, ер азамат жай жата алмас. Кешегi өткен Ұлы Отан соғысы ердiң ерлiгiн, қыздың өрлiгiн сынаған, өткiрлеп қайрап қаһарлы күшке айналдырған зор майдан болып едi. Ұлы Жеңісті жақындатуға абзал арыстандарымыздың майдан даласында, отандастарымыздың тылда қосқан еңбегі өлшеусіз. Бүгінгі мерекенің еліміздің өмірінде алатын орны өзгеше. Осыдан 68 жыл бұрын бүкіл әлемге қайғы мен қуаныш жасын қоса жұтқызған ерекше күн еді . Ізгі ниетпен адамзат баласы мерекелейтін осы күннің тууына еліміздің айтулы үлес қосқанын біз әрқашанда мақтан тұтамыз. Ұлы Жеңіс күні құтты болсын! Аспанымыз әрқашан ашық , бейітшілігіміз мәңгі болсын!