Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

ҚАЛДЫБАЕВ ҚАНАТ ЗЕКЕНОВИЧ, МКҚК «Облыстық дәрігерлік дене-тәрбиесі диспансері» директоры


11 мая 2013, 09:13 | 2 309 просмотров



Әкем Қалдыбаев Зекен (Зенейлғабиден) Абділда ұлы 1925 жылы Алматы облысы Бөрлітөбе өнірінде дүниеге келген. 1942 жылы Алматыдан Ташкент арқылы Сталинград майданына барған. Кіші сержант шені берілген.

Сталин атынан мадақтамамен марапатталған «За взятие города Ковель». 1944 жылы жарақат алып үйіне қайтқан. Ағасы Қалдыбаев Мухиттен Абділда ұлы 1939 жылы қатардағы әскерге шақырылып соғыстан хабар-ошарсыз кетткен.

Қалдыбаев Зекен (Зенейлғабиден) Абділда ұлы 6 ұл, 3 қыз өсіріп жеткізген.

Туған елдің тәуелсіздігі мен бостандығы үшін жанын қиған боздақтарымызды мәңгі есте сақтаймыз!

Отан үшін отқа түсіп, қан майданнан аман оралған қандастарымыздың алдында бас иеміз!

Құрметті Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен тыл еңбеккерлері! Ауыр күндердегі адал еңбектеріңіз бен белсенді азаматтық ұстанымдарыңыз үшін бас иіп алғыс білдіреміз!

Сіздерге мықты денсаулық, бақыт, ұзақ ғұмыр тілейміз!