Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

ДОГДРГУЛ ОМИРКУЛОВНА МОЛДАҚАЛЫКОВА, Жамбыл аудандық орталық ауруханасының директоры;


11 мая 2013, 09:12 | 1 826 просмотров



-Жамбыл ауданы медицина қызметкерлері және өзімнің атымнан барша халықты 9 мамыр Ұлы жеңіс мейрамымен құттықтаймын! Зор денсаулық, бақытты да ұзақ өмір, еңбектеріңізге толайға табыс тілейміз. Халқымыздың бостандығы, бейбіт өмірі үшін қан майданда өз өмірлерін өлімге тігіп, жеңіске жеткізген ұлы аталарымыз бен апаларымыздың алдында әрдайым басымызды иеміз.

Менің де атам Молдақалыков Жәми Отан үшін жанын пида еткен азаматтың бірі болды. Ол 1922 жылы туылған еді. Ұлы Отан соғысына 1941 жылы аттанып, 1945 жылы майданда ерлікпен қайтыс болды. Сұрапыл соғыс жылдары миллиондаған ер азаматтар қайта Отанға оралмады. Соғыс қасіреті қазақ жеріндегі әрбір отбасына зардабын тигізді. Бүгінгі бейбіт, тыныш өмірімізді қатерлейік! Аспанымыздан бейбітшілік таңы кетпесін !