Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

МАҢДАЙЫҢДА ЖАРЫҚ ЖҰЛДЫЗ СӨНБЕСІН


11 мая 2013, 09:07 | 1 572 просмотра



Талдықорған облыстық ауруханасының офтольмология бөлімінде Алматы облысы бойынша әр қаладан,әр аудан орталығынан,ауылынан тіпті басқа шет облыстардан көз ауруынан зардап шеккен жас балалар мен еңбектеген кәрілерге дейін келіп,ем алушылар тынымсыз тыйылмай бастары шоғысып кезекте тұрушыларға қарап «бұл неғылған жандар деп таң қалып, қабырға сипап сығалағандарға жаныңыз ашып аяушылықпен қиналып қайғысына ортақ болғыңыз келіп «сүрініп кетпеңіз, байқаңыз» -деп еріксіз сөз қатасыз. Басқа түскен тағдырдың алуан түрлеріне кез болған,мүгедек болып тұрған ,пендеге тіл қатып, « сіз не себептен осындай күйге кез болдыңыз»- деп жөн сұрасасыз. Әлгі жандардың бірін кәріліктің жеңе бастағаны болса, енді бірінің көз қысымы жоғарлап көре алмай көзіне көлеңке түскені. Келесі біреуінің ағаш кіргізіп немесе темір –терсектің қаданғанынан болғанын баяндайды.

Міне, осындай қайғы-қасірет жазықсыз жандардың жанын жегідей жеп жарық сәуленің көрінбей қалғаны, ондағы арманы мен шығар асуларының қайда қалғанына,жете алмай қалғанына қайрандап, үмітпен үңіліп осы ауруханада еңбек етіп жүрген дәрігерлерге:

1.Долаева Эльмира Мандатқызы

2.Белошапкин Александр Иванович(бөлім меңгерушісі)

3.Серікбаева Гүлнар Мұхтарқызы

4.Хамитова Индира Нәдірқызы

5.Имашев Қайрат Тілектесұлына

Өздерінің назарларын айтып жарық сәулесі жанарының сөнбеуіне көмектесіп қол ұшын беруіне молынан сеніп келіп тұрғандарын жеткізіп, шынайы жүрегімен білдіріп ынтызарын айтуда.

Ақ халат жамылған абзал жандар Белошапкин бастаған періштедей өз істерінің нағыз шебер ұстаздары ,құшақтарын жайып, палаталарынынң есіктерін айқара ашып,қарсы алып «сіздер үшін енді біз еңбектерімізді аямаймыз», «надо быть оптимистом» ,«Жанарларыңызда жарық сәуле жанады»-деп көптің көңілінен шығып әрбір науқасты орналастырып,зер салып,тергеп лек-легімен жанарларын жарқыратып келген мекендеріне қуанышты көңіл-күймен аттандырып жатқанына дән риза боласыз.

Белошапкин Александр Ивановичтың айтуына қарағанда осы мекемемізде істеп жүрген медбикелеріміздің өзі-ақ көз дәрігерлерінен кем емес. Мысалға:

-Тұрысбекова Эльмира Бейсенбайқызы;

-Ключенко Людмила Алексеевна –тапсырған міндеттерін бұлжытпай орындап жұмыс арасында сырттан келген азаматтар мен азаматшалардың көзіне түскен темір не ағаш үгіндісі,тас пенқұмды оп-оңай алып тастап елдің батасына тегін кенелгенін паш етеді. Мысалға:Үшарал қаласынан жергілікті дәрігерлер еш көмек көрсете алмаған 2013 туған баланың Жапарғалидың көзіне түскен дақты оп-оңай алып,ісіп кеткен көзден зардап шегіп зарлаған баланың үнін қалпына түсіріп ата-анасының қолтығына қайтадан қуанышпен тапсырған. Сол сиақты мына төменде:

-пос.Қарабұлақтан келген Харгин( құм-қайыр)

-Талдықорған қ. келген Казанцев(болгаркамен жұмыс үстінде түскен

темір ұнтағы.

Текелі қаласынан келген Кудряшовтың темір ұнтағы алынып –аман есен сауықтырып жедел-жәрдем бергеніне, сол келген адамдар емес өзімізде қуанышпен істерінің оңға басқанына риза боламыз дейді.

Көздерінің жалтырап жарық сәуленің шашқаны алтын күннің аймалап жанарының жанғанына риза болып отырған Талдықорған қаласынан Актирский А.П –глаукома ауруымен . Ильсаков Ш.Е-каратит ауруымен. Мұсанов О.-катаракт және Ноғайбаев Б.- катаракт ауруымен ауырғандарына талай жыл бол азабынан айырылып қалып , қайта қалпына келген.

Азамат ардагерлерінің қуаныш күйіне тап болған облыстық аурухананың орынбасары Нұрғалиев Қайырбек Ерсайынұлы бізге былай деді « Ақсақалды аталар-ардақты аналар, маңлайдағы жарық жұлдыздарыңыз сөнбесін, біз ел үшін қызмет етеміз,еш қиналмаңыздар.

Көз ауруын әрқашан жазуға еш қиындықсыз, төлем ақысыз емдейміз. Бұл біздің міндетіміз. Ауылға қайтқанда айта барыңыздар біздің есігіміз сізжерге әрқашан ашық-деп қуаныш үстіне қуаныш әкелді. Біз батамызды беріп біздің асты үстімізге түскен кішпейіл жандарға рахмет айтып, тазалығымызға таршылық келтірмеген Нурпеисова Айнұрға, аспазшы-Алшынбаева Зейнеш және медбике Искакова Софьяға бақытты болыңдар деп, Офтольмология қызметкерлеріне алғысымызды Жеті-су газеті арқылы білдіргіміз келеді.

Осындай коллективті басқарып отырған Рахметов Мұрат Көмекұлына:

Өркенің өссін ақ халатты абзал жан,

Бөгелмеңдер келешекте асудан,

Саған рахмет біз айтамыз шырағым,

Мейірімді құтты болсын атқан таң

Автор:
Асет ДАЛБАЕВ Арасан ауылы, Ақсу ауданы