Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

ТАЛҚЫҒА ТҮСКЕН «ЖҰМЫРТҚА»


5 мая 2013, 11:52 | 1 124 просмотра



Сәуірдің 26-сы күні еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Әбденов «Қазақстан републикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру туралы» заң жобасын халыққа түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін Алматыға келген еді. Журналистермен кездесу кезінде оған қарағандылық азаматтық белсенді Андрей Цуканов жұмыртқа лақтырды. Министр Әбденов киімін ауыстырып келіп, журналистермен әңгімесін жалғастырды. Ал азаматтық белсенді Цуканов 10 тәулікке қамауға алынды. Бұл «жұмыртқа лақтыру » оқиғасы «сенсацияға» айналды десек те болады. Оқиға орын алғаннан кейін бірнеше сағаттың ішінде әлеуметтік желілерде ең көп талқыланған тақырыптың бірі болып шыға келді.

"ПА-ТА-МУШ-ТА, ПА-ТА-МУШ-ТА"

Әлеуметтік желілерде бұған дейін де министр Серік Әбденовке байланысты түрлі әзіл- қалжыңдар тараған еді. Оған министрдің 19 сәуірде Қарағанды халқымен кездесу кезіндегі жағдай себеп болды. Тұрғындардың зейнетақыға байланысты сұрақтарына жауап берген министр "потому что" сөзін үш рет қайталаған. Бұл оқиға да халық арасында кең талқыға түскен.

Алматыдағы кездесуде министр журналистерге Қарағандыда айтылған сөздерін түсіндірді. Ол Қарағанды жұртшылығымен кездескен уақытта залдағы аудиторияны тыныштаныру және сөзін тыңдату мақсатында пауза жасап, "потому что" сөзін қайталаған. Алайда журналистер министр сөзінің сол бөлігін ғана үзіп алып, таратқан. Министрің толық сөзі былай болған еді : «Вам нужно работать и работать, потому что, уважаемые земляки, потому что, потому что… Ну, зачем вам в 50 лет думать о пенсии? При выходе на пенсию мы просто приобретем дополнительные болезни, мы будем раньше стареть».

Серік Әбденовке жұмыртқаны лақтырған қарағандылық Андрей Цуканов өз ісін «Әбденов сияқты азаматтар халықтың пікірімен санаспайды. Себебі, мемлекеттік маңызы бар сұрақтарға «сондықтан да, сондықтан да» деп жауап береді» - дейді ол. Біз не айтсақ та, бұл реформаны олар іске асырмақшы. Сондықтан, осылайша масқаралау - жалғыз жол болды деп түсіндірді.

Келеңсіздікке тап болған жас министр, болған жайға сабырлықпен қарап,үстіндегі киімін ауыстырып, бірер минуттан кейін жиналысты жалғастырды. Журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып, ол Андрей Цукановтың қылығына қатысты «Егер адам мәдениеттен жұрдай болса, ол өзінің жеке басының мәселесі. Мен ештеңе жасамаймын, оның деңгейіне дейін төмендемеймін» деді. Кейіннен белгілі болғандай Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі өзіне жұмыртқа лақтырған Андрей Цукановты қамаудан босатуды сұрапты. Бұл туралы Tengrinews.kz. бірінші болып хаарлаған. Министр ауданааралық мамандандырылған әкімшілік сотына өтініш жазып, Цукановқа "ренжіп үлгермегенін" айта келіп "сот бұл өтінішті қарастырып, оны босатуы керек –деп тоқталып өтті. Сонымен қатар, Серік Әбденов Цуканов "егер кешірім сұрау ниетімен келсе", кешіретінін білдіріп, өзіне жұмыртқа лақтырған кезде күзетінің болмағанын, болашақта та күзетпен жүрмейтінін айтқан. Жаңа заң жобасына наразы топтардың баршылығын ескерсек, министрге күзет керек болуы әбден мүмкін.

Сонымен министрдің Алматы тұрғындарына - "Қазақстан республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру туралы" заң жобасын түсіндіру кездесуі, «жұмыртқа лақтыру» оқиғасының көлеңкесінде қалғандай болды. БАҚ өкілдерін де Серік Әбденовтың Алматы халқымен кездесуінен бұрын «жұмыртқа» жағдайы көбірек қызықтырғандай.

ДАУ ТУДЫРҒАН ЗАҢ

"Қазақстан республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру туралы" заң жобасын мәжіліс 17 сәуір күні алғашқы оқылымында мақұлдады.Аталған заң жобасында әйелдердің зейнетке шығу жасын 2014 жылдан бастап жыл сайын ұлғайтып, 10 жыл ішінде қазіргі 58 жастан 63 жасқа дейін жеткізу қарастырылған. Сонымен қатар бұл жобада "Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қорының" негізінде біртұтас жинақтаушы зейнетақы қорын құру да қарастырылған. Біртұтас қордың құрушысы мен акционері үкімет болады. Оның зейнетақы активтеріне ұлттық банк басшылық жасайды .

«ЖҰМЫРТҚА ЖАУДЫРУ ТРЕНДІ»

Еgging –деп аталып кеткен «тренд» , жұмыртқа лақтыру арқылы наразылық білдіру. Жұмыртқа жаудыру - әлемде халық наразылығын көрсетудің ең тиімді әдісі сияқты. Мұндай шабуылға ұшыраған белгілі саясаткерлердің арасында АҚШ-тағы Калифорния штатының бұрынғы губернаторы Арнольд Шварценеггер, Ұлыбританияның бұрынғы вице-премьері Джон Прескот пен Украинаның премьер-министрі Виктор Янукович те бар.

Біздің елде де бұл «әдіс» «трендке» айналып бара жатыр. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Әбденов жұмыртқа шабуылына тап болған бірінші адам емес. Бұндай оқиғалар бұрындары тіркелген. Мысалы, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен кезедсуі кезінде ресейлік режиссер Никита Михалков та жұмыртқа астында қалыпты. Бұнай жағдай 2010 жылы тіркелмеген "Алға" партиясының төрағасы Владимир Козлов баспасөз мәслихатын өткізіп, Қазақстан Республикасының Президенттігіне үміткер боламын деген күні де орын алған. Қазақ тілін білмеген адам қалай Президент болады деп ашынған Желтоқсан қозғалысының мүшесі Талғат Рысқұлбеков Козловқа жұмыртқа атқан еді. Сол кезде Владимир Козлов прокуратураға арыз жазып, баспасөз мәслихаты кезінде намысына тигендерді қылмыстық жауапқа тартуды талап еткен еді. Қазақтың мемлекеті болмаған, тілі болмаған, Ресейдің бүкіл аумағын иеленіп алған деп жүрген Жириновский туған күнін туған қаласында өткізу үшін Алматыға келгенде, бір топ отандатарымыз оны жұмыртқамен қарсы алған еді.

«Жұмыртқа жаудыру» спортта та жиі орын алып жатады. Біздің елде «Астана» командасы ойыншыларын да сәтсіз ойыннан кейін жанкүйерлер жұмыртқамен атқылаған. Өнер адамдары талантына тәнті болмағандар оларға жұмыртқа атқылайды. 2013 жылы сәірдің басында Украинаның Тернопол қаласында концерт берген Потап и Настя Каменских дуэтіне украин тілінде емес орыс тілінде ән айтқандары үшін белсенді топ жұмыртқа жаудырды.

P.S. Жоғарыда баяндалған жағдайдың қоғам үшін маңызы қандай? Осы жайында ойланып көрелік. Біріншіден, біз жұмыртқа астында қалған министрдің де, жұмыртқа атқан адамның да мәдениеттілік деңгейін байқадық.Қазақтан Републикасы үкіметінің ең жас министрі Серік Әбденов бұл жерде сабырлық танытты, өзіне жұмыртқа атқан азаматты кешірді. Осымен қоғамға үкіметтегілердің қандай болатынын көрсетті. Екіншіден, Қазақстанда азаматтық белсенді топтың бар екенін, азаматтық белсенділер қандай болатыныны туралы пікір қалыптасты. Үшіншіден, алғашқы екі түйгеніміздің қоғам санасына әсерін талқылайық. Кез-келген азаматтық қоғам мүшесі, белендісі оның ісі ертең болашақ қоғамға, жастарға қандай үлгі болатынын аңғару керек. Қоғам үшін енді кез-келген саяси шешімге қарсылық –жұмыртқа лақтырумен теңестіріледі. Қазақстандағы саяси күрес, азаматтық қоғамның деңейі -жұмыртқа лақтырудан арыға бара алмайтындай қорытынды ойға келесің.

Тағыда жұмыртқа лақтырады деп қорықпайсыз ба деген журналистердің сұрағына министр «Мен енді Өскемен қаласына барған кезде тауық фабрикасына барамын деген жоспарым бар » деп күліп жауап берді.

Автор:
Мәдина ОМАРҚҰЛОВА