Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

3 МАМЫР - ДҮНИЕЖҮЗІЛІК БАСПАСӨЗ БОСТАНДЫҒЫ КҮНІ


5 мая 2013, 11:51 | 2 327 просмотров



2012 жылы 88 журналист пен 46 блогшы өлтірілгені туралы « Шекарасыз тілшілер"халықаралық ұйымы мәлім еткен еді. 3-мамыр бапасөз бостанғының дүниежүзілік күні. Осы күнге орай елімізегі баспасөз бостандығының деңгейіне тоқталып өтуді жөн көрдік. Әлемік баспасөз бостандығын зерттейтін екі бірей ұйымның қорытындысы бойынша ТМД елеріндегі БАҚ еркіндігі төменгі деңгейде тұр.

Freedom House ұйымы 1980 жылдан бері әлем елдері БАҚ-ның сөз бостандғын бағалап келеді. Баспасөз бостандығын бағалаудың бірнеше критериі бойынша жүреді, олар: сөз бостандығы; үкіметтің БАҚ-на жүргізетін бақылау деңгейі; журналисттердің жұмыс істеу жағдайы; журналситтерге зорлық-зомблық қолдану оқиғалары; елдегі саяси-экономикалық жағдайың көрінісі және т.б. Freedom House ұйымының 2012 жылдың қортындысы бойынша ұсынылған зерттеуінде 197 елдің БАҚ бостандығы жағдайы бағаланған. Зерттелген бүкіл 197 ел «сөз ботандығы бар», «сөз ботандығы жартылай бар», «сөз бостандығы жоқ» деп үш деңгейде бағаланды. ТМД елдернің барлығы бұл тізімде «сөз бостандығы жоқ» елдер қатарына кірді. Қазақстан тізімде 175-орында тұр. Біздің алдымызда көрші елдер Тәжікстан -171-орында, Ресей -172 орында болса, Беларусь пен Өзбектан 193 және 195 орындарға табан тіреген. Ал сөз бостандығы мүлдем жоқ ел тағыда Солтүстік Корея деп танылып, бұл елден бір қадам жоғары 196-орында тұрған Түркіменстан екен. ТМД елдері ішінен сөз бостандығы бойынша ең тәуір көреткіш Армения (149),Украина(130), Қырғызтанда (155). Ал «сөз бостандығы жартылай бар» ел қатарына 111-орында әрі ТМД елдері бойынша 1-орында Грузия тұр. Баспасөзі еркін, сөз бостандық көреткіші ең жоғары әдеттегідей Финдляндия, Норвегия, Швеция елдерінде. Сонымен, Freedom House ұйымының соңғы аналитикалық есебінде 66 ел «сөз бостандығы бар» деп танылса, «сөз бостандығы жартылай бар» 72 ел, «сөз бостандығы жоқ» 59 ел. Жер шарының тек 14,5% халқы ғана (шамамен 1 млрд. адам) баспасөзі еркін елде тұрады екен.

Халықаралық Reporters Without Borders ("Шекарасыз тілшілер") ұйымының 2012-2013 жылдардағы Баспасөз бостандығының индексін жариялады. Бұл рейтингте 179 мемлекет бойынша ақпарат беріледі. Бұл жылы еркін БАҚ –Финдляндияда болса, сөз бостандығы ең төмен –Эритрея елінде екен. Бұл тізімде Қазақстан 160-орында тұр. Сөз бостандығы индексы осымен 10-рет жария болды. Бұл рейтингтің алғашқы ондығына Финдляндиямен бірге Нидерланды,Норвегия, Люксембург, Андорра, Дания, Лихтенштейн, Жаңа Зеландия, Исландия және Швеция кірді. Еуропа елдері ұзақ уақыт бойы баспасөз еркіндігі жағынана басқаларға үлгі болып келген еді. Алайда соңғы жылдары кәрі құрлықта баспасөз бостандығы күрт төмендеген мемлекеттер жетерлік. Осылай Венгрия -56 орынға, Италия-57 орынға және Грекия -84 орынға түсті. Биылғы жылы Ресей көреткіші де төмендеп 148 орынға табан тіреген. "Шекарасыз тілшілер" ұйымының рейтингінде де ТМД елдері ішінен Грузия (100) және Қырғызтада (106) тәуір көрсеткіш.

Халықаралық Reporters Without Borders ("Шекарасыз тілшілер") 2012-2013 индексі кетесі

Жоғарыда көрсетілген халықаралық екі рейтингте де Қазақстандағы баспасөз бостандығы көңіл қуантарлық деңгейде емес. Бірінші Freedom House ұйымының рейтінгінде 197 елдің ішінде 175-орында болса, екінші "Шекарасыз тілшілер" 2012-2013 жылғы рейтингінде 179 ел ішінде 160-орында тұр. Бұл Қазақстандағы еркін БАҚ-тардың аздығын көрсетеді.

«Авторитарлық үкіметтер "шектен тыс сөз бостандығы тұрақтылыққа қатерлі" деген еді Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының (ЕҚЫҰ) баспасөз еркіндігі мәселелері жөніндегі өкілі Дуня Миятович Азаттық радиосының тілшісіне берген сұхбатында. Дуня Миятович Азаттық тілшісімен сұхбатында мемлекет басшыларының қауіпсіздік деген сылтаумен сөз еркіндігін жиі шектейтінін айтқан. Шетелдік маманның сөзіне сүйенсек, Қазақстан үкіметінде ақпарат құралдарына қатысты реформаларды ары қарай жалғастыруға және журналистер қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, оларға жасалып жатқан шабуылдарға ерекше назар аударуға, ол оқиғаларды мұқият тергеуге көңіл бөлу керек.

Анықтама

1993 жылы БҰҰ-ның Бас асамблеясы 3-мамыр күнін Баспасөз бостандығының дүнежүзілік күні (World Press Freedom Day) деп жариялады. Бұл күн БҰҰ-ның Білім, ғылым және мәдениет жөніндегі ұйымының (ЮНЕСКО) қолдауымен және Африка елдері тәуелсіз баспасөз өкілдерінің ұсынысымен атап өтіліп келеді. 1991 жылы 3-мамыр күні Намибияның астанасында барлық мемлекеттердің үкіметтерін баспасөз бостандығы мен оның демократиялылығын қамтамасыз етуге шақырған «Виндхук» декларациясына қол қойылды. БҰҰ Бас Ассамблеясының 1993 жылғы 21 желтоқсандағы шешімімен бұл дата - Дүниежүзілік баспасөз бостандығы күні ретінде атап өтілетін болды.Декларацияда кез келген демократиялық қоғамның құрамдас бөлігін ерікті, жариялы және тәуелсіз баспасөз құрайтындығы атап көрсетілген.

1997 жылдан бері 3-мамырда баспасөз бостандығына қосқан үлес үшін жыл сайын ЮНЕСКО сыйлығы беріледі

Автор:
Бетті дайындаған Мәдина ОМАРҚҰЛОВА