Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

1 МЛРД-ҚА ЖУЫҚ КЕМБАҒАЛ ЖАНДАР БАР


5 мая 2013, 11:51 | 1 408 просмотров



Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының дерегі бойынша әлем жұртшылығының 15 % мүгедек жандар.Бұл дүниежүзінде 1 миллиардқа жуық халықтың қандайда бір мүгедектік формасы бар дегенді білдіреді. 5-мамыр- Мүгедектер құқын қорғаудың халықаралық күні. 1992 жылы Бас Ассамблея Біріккен Ұлттар Ұйымының Мүгедектердің онжылдығы соңында (1983-1992 жж.) мүгедектер Халықаралық күнін жариялады. Мүгедектер құқын қорғаудың халықаралық күні - олардың мәселелеріне көңіл бөлуге, құқығы мен денсаулықтарын қорғауға, мүгедектердің саяси, әлеуметтік, экономикалық және мәдени өмірге қатысуынан қоғамға келетін басымдықтарға назар аударуға бағытталған. Мүгедектер құқығын қорғау конвенциясы БҰҰ-ның Бас Ассамблееяы 13 желтоқсан 2006 жылы қабылдады. Конвенция өз заңды күшіне 2008 жылы 3 мамыр күні енді. 2012 жылғы дерек бойынша конвенцияға 125 мемлекет және Еуро Одақ кіреді.

Естеріңізге сала кетейік, 2008 жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияға және оның Факультативтік хаттамасына қол қойып, Қазақстанның адам құқықтары саласындағы халықаралық стандарттарды имплементациялауға және мүгедектердің құқықтарын жүзеге асыру үшін құқықтық алаң құруға дайындығын растаған еді.Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігнің дерегі бойынша 2018 жылға дейін мүгедек азаматтардың құқығын қорғау конвенциясын ратификациялау мәселесі қолға алынып отыр. Мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияны ратификациялауға жағдай жасау мақсатында Министрлік мүгедектер қоғамдық бірлестіктері өкілдерінің қатысуымен мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2012-2018 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын әзірледі, ал 2012 жылғы қаңтарда оның 3 негізгі міндеттері бар бірінші кезеңі қабылданған болатын. Осы бағытта атқарылуы тиіс бірінші міндет – мүгедектердің құқықтарын, бостандықтарын және мүдделерін қорғау саласындағы заңнаманы біріздендіру, екінші міндет – әлеуметтік объектілерге, транспорттық инфрақұрылымға паспорттау (инвентаризациялау) жүргізу, үшінші міндет – халықтың ақпаратқа қолжетімділігін арттыру.

Автор:
Бетті дайындаған Мәдина ОМАРҚҰЛОВА