Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

ОТА ЖАСАУ ОҢАЙ ЕМЕС…


5 мая 2013, 11:50 | 1 658 просмотров



100 жасау үшін не істеу керек? Америкалық белгілі кардиолог Клайд Янси әрбір адамның ұзақ өмір сүруге мүмкіндігі барын айтады. Ол үшін қарапайыи жеті қағиданы жадында ұстаса болғаны.

Бірінші. Адам белсенді өмір сүруге ұмтылуы керек. Қимыл мен іс-әрекет көп болған жағ-дайда ғана денсаулық сыр бермейді.

Екінші. Холестерин деңгейін біліп, оны қадағалап отыру қажет. Қанда холестериннің көптігі жүрек дертін асқындырады.

Үшінші. Диета ұстауды әдетке айналдырған жөн. Дұрыс тамақтану – денсаулықты шың-дау¬дың бірден-бір жолы. Әсіресе, көкөністерді жиі жеу – сергек жүруге септігін тигізеді.

Төртінші. Қан қысымын ұдайы қадағалау қажет. Қан қысымының жоғарылауы «күтпеген жерден келетін өлім» деп саналады.

Бесінші. Өз салмағыңызды дұрыс сақтаңыз. Артық салмақ жүрек ауруы мен инсультты тудырады. Семіздік – адам өмірін қысқартатын бірден-бір дерт.

Алтыншы. Диабеттің қатерлі екендігі жа¬дыңызда жүрсін. Ол қан қысымын жоғар¬лату¬ға, ұмытшақтық дертін асқындыруға, жүрек дертін қоздыруға себепші болады.

Жетінші. Темекі тартпаңыз. Шылымға құ¬мар адамның аз өмір сүретіндігі және мезгі¬лі¬нен бұрын көз жұматыны медицинада дәлел¬ден¬ген. Темекіні бірден тастаған кісінің жүрек со- ғы¬сы қалпына келіп, жүрек ауруы мен ин¬сульттен алдын ала сақтанады екен.

Клайд Янси дені сау, ұзақ өмір сүрген кісілер мемлекетке қыруар пайда әкелетіндігін айтады. Олар ең алдымен өз қаражатын үнемдейді. Өкінішке қарай, кейде адамды ауру айналдырып алады. Оның кейбіреуі кісінің өзінен де болады. Бірақ Гиппократ антына адал дәрігерлер адамды қандай жағдайда да аман алып қалуды басты міндеті ретінде санайды. Алайда...

Дәрігердің бәрі данышпан емес. Пенде. Бі¬рінің қолынан бәрі келсе, енді бірінің кеселге қауқары жетпегені түгілі, қолдан ауру жамап береді. Бұл төңіректе әңгіме көп. Әсіресе, соң¬ғы кездері пластикалық хирургиямен айна¬лы¬сатындардың жолы болып тұр. Оларды кәдімгі көлік жөндейтін шеберлермен салыстыруға болмайды. Сала мамандары күндіз-түні қар¬баласта және олар дененің кез келген бөлігіне ота жасай береді. Қалталылар мен танымал тұлғалар әдемі болу үшін ақшаларын да аяп жатқан жоқ. Айталық, америкалықтар жылына 12,1 млн ота жасатып, осы мақсатқа 10,3 млрд доллар жұмсаған. Десек те, әр отаның ар¬ғы жағында не күтіп тұрғанын ешкім дөп ба¬сып айта алмайды. Олардың арасында қа¬те¬лесетіндер қаншама!

Қателік демекші, бір оқиға Ресейдің Ижевск қаласында болған. 29 жастағы жігітке қа¬тер¬лі ісік деген диагнозбен ота жасау бары¬сында ұзындығы 5 см шырша тапқан. Ресейдің фтизиатр дәрігері Михаил Перельман өз тәжірибесінде мұның түк еместігін алға тартады. Ол пациенттерінің тыныс жолынан ине, тіс протезін, ингалятор қалпағын, бас киімнің металл жұлдызшасын да алған күні болыпты. Бұл адамдардың өз кінәсінен болған жағдайлар.Мысалы, мына заттар адамның ішектері мен асқазанынан алынды дегенге сенгің келмейді. Челябі облыстық балалар клиника¬лық ауруханасындағы хирургия бөлімінің дәрігерлері кішкентай баланың асқа¬за¬нынан 40-тан астам кішкентай магнитті алып шықты.

Бір 1,4 айлық баланың анасы ма¬г¬нит¬тердің аяқ астынан азайып қалғанын бай¬қаған соң медициналық көмек сұрап кел¬ген. Ультрадыбыстық зерттеу жасаған жер¬гілікті емхананың дәрігерлері бал¬а¬ның асқазанындағы көптеген бөгде зат¬тарды көрген. Сәбиді жедел түрде Челя¬бі қаласының ауруханасына жет¬кі¬зіп, онда оған бөгде заттарды алып шығу бойынша қуыстық ота жасалды. Ал дәрігерлер ота жасау барысында адам денесінде түрлі құралдарын ұмытып кететін сәттер де болып тұрады. Тіпті да¬мыған елдерде осындай оқиғалар бола¬тындығына сенгің келмейді. Мәселен, не¬міс хирургтері бір зейнеткерге ота жа¬сау кезінде 16 затты тастап кеткен. Қа¬терлі ісіктен бұрын ота зардабынан қа¬за тапқан ардагердің туыстары дә¬рі¬герлерді сотқа беріп 65 мың евро талап ет¬кен. Осы секілді оқиғалар елімізде де бо¬лып тұрады. Бұл орайда Гиппократ ан¬¬тын бұзған азаматтар тиісті жауап¬кер¬ші¬лікке тартылатындығын ескерте кет¬кеніміз орынды болар. Антқа адалдық та¬нытпағандар туралы мақаланы газе¬тіміздің алдағы сандарынан оқи ала¬сыздар...

Автор:
Жолдасбек ДУАНАБАЙ аікуn.kz