Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

ОЙТҮЙІН


5 мая 2013, 11:49 | 1 399 просмотров


Жас өспірімдерде депрессия бола ма?

Депрессия- кеңінен тараған психологиялық ауру. Барлық адамзат баласы секілді мені де бұл аурудың кең таралуы алаңдатады. Сол себепті осы ауру жайында жалпылама мәлемет ала, себептері мен емделу жолдарын іздеп көрдім. Қанша жерден сау болсаң да ауру түрлерін білу еш артық етпес, әрі дана ата-бабаларымыз айтқандай: «сақтансаң сақтайды».

Бұл ауру түрінен әлемде 350 милионнан астам адамдар зардап шегеді. Әрі депрессия жас талғамайды. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек депрессияға ер адамдардан гөрі әйелдер жиі шалдығады. Депрессия ұзақ мерзімге созылған жағдайда денсаулыққа да зиянын тигізеді. Ол адамды қатты күйзеліске салып, психологиядлық жағынан көптеген қиындықтарға соқтырады. Аурудың әкеліп отырған ең басты қиындығы - депрессия кей жағдайларда адамның өз-өзіне қол жұмсауға дейін жеткізуі. Бұрындары тек шет елдердің жаңалықтарынан естіп жүрген оқиғалар өз арамызда да орын алған болатын. 2010 жылдың өзінде қаншама жас жеткіншектер өз өмірлеріне қианат еткен еді. Олардың көбі кәмелеттік жасқа толмаған балалар. Ал сол балалардың өліміне қол жұмсаған деп өздеріне кінә артуға болмайды. Бұған себеп психологтардың өз міндетін дұрыс атқара алмағандықтары мен баласына дұрыс көңіл бөлмеген ата-аналарында. Себебі кәмелеттік жасқа толмаған балаға ата-анасы жауапты. Міне, егер де кішкене ғана аурудың өзі дер кезінде емделмесе қандай нәтижеге алып келеді. Осы мәселеден шығар жол: мектеп жасындағы балаларға психологтар мен дәрігерлер депрессия ауруын, оның себептері мен емделу жолдарын түсіндіріп, үгіт-насихат жүргізсе, бәлкім, біраз жандардың өмірін жеңілдетер ме еді. Әрине, ол 2010 жыл өтіп кетті. Бірақ та сиуцитқа баратын адамдардың саны көбеймесе азаймауда. Қазірдің өзінде дүниежүзілік санақ бойынша жыл сайын 1милионға жуық адам өз- өзіне қол жұмсап өледі.

Емделмейтін ауру жоқ. Бұл аурудың да нәтижелі емі бар. Тек осы депрессиямен ауыратын адамдардың кейбірі ғана ақ халаттылардың көмегіне жүгінсе, кей мемлекетте ауруға шалдыққандардың 10% ғана емделеді. Көбінесе адамдар өздерінше ем қабылдауға тырысады. Бірақ бұл қате пікір.

Тағы бір кедергі салатыны диагноздың дұрыс қойылмауы.

Қазірде кейбір дәрігерлер ауруға шалдығып, көмек сұрап келген жандарға дұрыс диагноз қоя алмай адам өліміне себепші болады. Бұндай оқиғалар соңғы кезде жиілеп кетті. Осындай жағдайларды көріп, естігеннен кейін дәрігерлерге қаралуға да жүрексінетін болдық. Оған себеп оқу орнында дұрыс білім ала алмағандығы шығар.

«Аурудан жазылудың жолын іздегенше, ауырмайтын жолды ізде» демекші аурудың алдын алған дұрыс. Қандай ауру болмасын нәтижелі емі бар екенін, өз денсаулығымыз өз қолымызда екенін ұмытпайық.

Автор:
Әсем ЖҰМАҚАН №5 орта мектеп-лицейінің 9 «а» сынып оқушысы