Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

ТУБЕРКУЛЕЗДІ ЕМДЕУГЕ БОЛАДЫ


5 мая 2013, 11:44 | 1 490 просмотров


Туберкулез - әлемде ең көп тараған жұқпалы инфекциялық аурулардың бірі.

Туберкулез - әртүрлі органдарды зақымдайтын , көбіне өкпеде орнығып , әртүрлі клиникалы көрінуімен сипатталатын , организмнің улануымен өтетін созылмалы жұқпалы дерт.

Туберкулезге қарсы қолданылған күрес шараларына қарамастан , ол қазіргі заманғы денсаулық сақтау саласының шешуі қиын проблемасы. Туберкулез ауруы , одан болатын өлім деңгейі әлі де жоғары. Жыл сайын әлемде туберкулезден 3 млн адам көз жұмады , 9-10 млн адам туберкулездің жұқпалы түрімен аурады , әрбір 4 секундта бір адам туберкулезді жұқтырады , әрбір 10 секунда бір адам көз жұмады.

1882 жылдан бастап туберкулез дүние жүзінде кемінде 200 млн адам өмірін қиды , бұл соңғы 100 жыл ішінде майдан даласында қаза тапқан әскердің санынан едәуір артық

Қазақстанда жыл сайын туберкулез дерті жаңадан анықталған 22-23 мың науқастар тіркеледі. Туберкулез таяқшалары ауа арқылы тарап , оны жұқтырып алған адамдардың өкпесінде өсіп жетіліп , көбейеді Алғашқыда өкпе қабынып , содан кейін бүлініп ыдырайды да орнында қуыстар пайда болады. Осындай қуыстарда сақталған миллиондаған туберкулез таяқшалары ауру адам сөйлегенде , түшкіргенде қоршаған ортаға шашырап тарайды.

Туберкулез таяқшалары ауада бірнеше сағат бойы жерге түспей, қалықтап тұра береді Егер туберкулездің ашық , жұқпалы түрімен ауыратын адам ұзақ уақыт нашар желденетін орында болса, сол жердің ауасына туберкулез таяқшалары соншама көп тараса , басқа да адамдардың тыныс ағзаларына түседі. Туберкулез негізінде осындай жолмен жұғады. Мұны ауа арқылы жұғу дейді. Туберкулез кез келген адамға жұғуы мүмкін , әсіресе балалар мен егде жастағылар үшін өте қауыпты. Ал егер , туберкулезбен ауратын адаммен жақын қарым-қатынас жиі әрі ұзақ болса , туберкулезді жұқтырып алу қаупі арта түседі.

Туберкулезді жұқтырған адамдардың 90-95 %бұл аурумен ешқашан ауырмайды. Ал жұқтырғандардың қалған пайызы адам әлсіреп , түрлі себептермен қорғаныш күші азайған болса , туберкулез таяқшалары белсенділік танытып , аурудың басталуына себепші болады

Бүгінгі күнде аурулары кеш анықталған , әрі өте асқынып кеткен және дәріге төзімді түрімен ауратын адамдар бар. Бүгінгі күні аудан бойынша - 12 науқас есепте тұрып, емін алып жүр.

Туберкулез – баяу дамитын , ұзаққа созылатын ауру , бірақ оның жылдам басталатын жедел түрі де болады

Туберкулез ауруының белгілері

Жөтел, әлсіздік, дене қызуының көтерілуі,кеуденің ауруы, тәбеттің , салмақтың және жұмысқа қабілеттің төмендеуі. Адамдардың көбі осы белгілерге көңіл бөліп , дәрігерге қарала қоймайды немесе өз бетімен ем қабылдай бастайды , бұл аурудың үдеуіне әкеп соғады. Егер жөтел 2 аптадан артыққа созылса міндетті түрде дәрігерге қаралу қажет.

Бұндай кезде адам 2 күнде жиналған 3 порция қақырық өткізуі қажет. Қақырықты микроскопиялық тексеру арқылы анықтау туберкулездің жұқпалы түрін өз уақытында табуға себеп болады. Туберкулезді флюорография жасап анықтауғада болады , бұл кезде

аурудың жаңадан басталған , алғашқы кезеңі табылады. Жасөспірімдер мен балалар арасында туберкулезді анықтау үшін Манту сынағы қолданылады.

Туберкулез дер кезінде анықталса ем сол құрлы нәтижелі болады және толық емдеуге болады. Ауруды толық біткенше қадағалап емдеу керек . Медицина қызметкері науқастың дәрісін жұтқан кезеңіне дейін қадағалап қарап тұруы керек , сол кезде ем тиісті нәтиже береді. Туберкулез таяқшаларын жою үшін кем дегенде 6-10 ай керек. Егер осы айтылған қағидалар сақталмаса , ауру адам дәріні уақытында ішпесе, дәрінің саны дұрыс болмаса ауру созылмалы немесе емделуге келмейтін түрге айналуы мүмкін.

Туберкулездің ең қауыпты түрі – дәріге төзімді , мультирезистентті туберкулез. Бұл түрдің пайда болу себебі ауру адамның дәріні қалай болса солай ішуінен ( өз бетімен дәрінің дозасын төмендету , бірде дәріні ішіп , бірде ұмытып кету немесе өз бетімен дәрі ішуді тоқтату) Аурудың бұл түрін емдеу өте қиын ,әрі ұзақ , кем дегенде 19-21 айға созылады.

Туберкулезбен ауырған адамдар сау адамдарға ауруды жұқтырмауы керек , ол үшін жөтелгенде , түшкіргенде ауызды орамалмен жабу керек , соңынан оны залалсыздандырады немесе отқа өртеп жібереді. Науқас жататын бөлме жиі желдетіліп тұруы керек. Туберкулездің ашық , жұқпалы ( бациллярный) түрімен ауратын адам қақырығы туберкулез таяқшаларынан әбден тазарғанша ( қақырық жағындысын тексерген анализ бойынша ) жасөспірімдер мен балалармен қарым-қатынаста болмауы керек немесе әрқашан бет перде қолданып қана сөйлесуге болады және кездесуді азайту керек Бұл көрсетілген шаралар аурудың қоршаған ортасын туберкулезді жұқтырып алудан сақтайды. Естеріңізде болсын : туберкулез ауруынан емделіп шығу өз қолында

Автор:
Светлана ИСАЛИНОВА, Кербұлақ ауданы орталық аураханасының туберкулезге қарсы күрес бөлмесінің медбикесі.