Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

БӘРІМІЗ ДЕ ТУБЕРКУЛЕЗ ТУРАЛЫ БІЛУІМІЗ КЕРЕК


5 мая 2013, 11:44 | 4 168 просмотров



Туберкулез – әлемде ең көп тараған жұқпалы аурулардың бірі , ол тегіне де. жасына да қарамай көптеген адамдарды зақымдауда.Жыл сайын әлемде 8-10 миллион адам туберкулезбен ауы - рып, оның 3 миллионы туберкулезден көз жұмады .Біздің ауданда туберкулезбен жыл сайын 40-50 адам тіркеледі, оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар тіркелуде . Аурудың негізгі тарату- шы көзі – туберкулездің ашық түрімен ауыратын науқас . Бұл ауруды қабылдауға балалар, жас— өспірімдер , жүкті әйелдер және ішімдік ішетін , шылым шегетін адамдар бейім болады. Егер әрбір адам туберкулез туралы жетік білсе және бұл тұрғыда өзінің білімін күнделікті өмірде қолданса , аталмыш дерттің өршуіне және таралуына тосқауыл қоюға болады.

Туберкулез қандай ауру?

Туберкулез – адам ағзасына туберкулез таяқшаларының енуінен пайда болатын инфекциялы жұқпалы ауру .Туберкулезге тыныс ағзасы – өкпе жиі шалдығады.Сондай-ақ сирек те болса туберкулезге тыныс ағзасы - өкпе жиі шалдығады. Сондай-ақ сирек те болса туберкулез ге ми, ми қабықшасы, сүйек, буын, лимфа бездері,бүйрек,жыныс ағзалары ,көз,ішек және басқа да ағзалар мен мүшелер шалдығады.

Туберкулезбен ауырғандардың 75% (20 – 40 жас ) аралығындағы еңбекке жарамды және балалы болатын жастағылар.Бұл ауру – әлуметтік дерт болып саналады ,көбінесе тұрмыс жағдайы нашар , дұрыс тағамданбайтын , ішімдікке салынған адамдар жиі ауырады.

Туберкулез қалай жұғады?

Бүгінде туберкулезбен ауырғандардың 50 % кешігіп анықталуда , ал олардың 10 % ауруын өте асқындырыпалғандар, арасында ауруы жазылмайтын түрге өтіп кеткендері де кездеседі . Туберкулез қоздырғыштары осындай науқас адамдар сөйлегенде , жөтелгенде , түшкіргенде және гигиена құралдары, ыдыс-аяғы арқылы беріледі. Егер науқас адам жерге не еденге түкірсе , ол кеуіп шаңға араласып ауа арқылы адамдарға жұғады. Сонымен бірге өкпе туберкулезіне шалдыққан науқас адам жөтелгенде туберкулез таяқшалары бөлінедіде аурудың айналасында 1,5-2 метр биіктікте 1,5-2 сағаттай қалқып тұрады, демек сау адамдар ауруды осылай ауа арқылы жұқтырады. Күннің көзі жоқ табиғи жағдайда , көше шаңында 2 аптаға дейін, кітап беттерінде 3 ай үй жағдайларынды қақырықта 4 ай , сүт тағамдарында 1-1,5 жылға дейін өміршеңдігі сақталады. Тіке түскен күн сәулесі туберкулез таяқшаларын 5 минутта жояды. Туберкулез ауратын малдардан да жұғуы мүмкін.

Туберкулез ауруының белгілері

Туберкулез ауруы басталғанда мынандай белгілер білінеді: жөтел,әлсіздік,дене қызуының көтерілуі,тәбеттің ,салмақтың және жұмысқа деген қабылеттің төмендеуі. Туберкулездің осындай негізгі белгілеріне адамдардың көбісі көңіл бөліп, дәрігерге уақытысында қарала қоймайды немесе өз бетімен ем қабылдай бастайды. Онан ары бұл белгілердің барлығы үдеп күшейе түссе науқастың қан түкіруі мүмкін. Жөтел туберкулезге ең тән алғашқы белгілердің бірі. Егер жөтел 2 аптадан артыққа созылса міндетті түрде медициналық мекемеге барып, дәрігерге қаралып тексерілу керек.

Туберкулездің алдын-алу шаралары

-Бала туғаннан кейін міндетті түрде БЦЖ екпесін салынады және 6-7 жаста қайта егіледі

-Үйде туберкулезбен ауырған адам анықталса , ол отбасындағы қарым-қатынаста болған адамдар тез арада тексерілуі керек, ошақтағы балаларды ыңғайы келсе балабақшаға, шипажайға оқшаулау қажет. Науқасты ұйдің күн түсетін бөлмесіне орналастырып, жеке ыдыс ,орамал, көрпе-жастық беріп, жиі- жиі көрпе –жастықты күн көзіне жаю керек. Науқаспен бірге бір бөлмеде балалар ,жасөспірімдер болмау керек.

Автор:
Халида УТЕГЕНОВА, Кербұлақ ауданы орталық ауруханасының туберкулез бөлмесінің медбикесі.