Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

ТУБЕРКУЛЕЗДІҢ КӨПТЕГЕН ДӘРІГЕ ТӨЗІМДІ ТҮРІНЕН САҚ БОЛЫҢЫЗДАР


5 мая 2013, 11:43 | 1 521 просмотр



Туберкулездің ең қауыпты түрі – дәріге төзімді , мультирезистентті туберкулез. Бұл түрдің пайда болу себебі ауру адамның дәріні қалай болса солай ішуінен ( өз бетімен дәрінің дозасын төмендету , бірде дәріні ішіп , бірде ұмытып кету немесе өз бетімен дәрі ішуді тоқтату) Аурудың бұл түрін емдеу өте қиын ,әрі ұзақ , кем дегенде 19-21 айға созылады .Бүгінгі күні Кербұлақ ауданы бойынша диспансерлік есепте 24 адам туберкулездің белсенді түрімен ауырса , соның 40 пайызы дәріге төзімді түрі , сондықтан осы аурудың түрі туралы біліп жүргендеріңіз абзал , өйткені ешқашан туберкулезбен ауырып ,ем алып көрмеген адам туберкулездің дәріге төзімді түрімен ауратын аурумен қарым-қатынаста болып , бір үйде тұрса немесе бірге араласып жүрсе , тіпті көшеде , көлік ішінде болсада жұқтырса ол адам да бірден дәріге төзімді туберкулез түрімен ауруы мүмкін Өкімет тарапынан бұндай аурулардың емделіп шығуы үшін және оның халық арасында тарамауын тоқтату үшін көптеген жағдайлар жасалып отыр Ауру адам бірден оқшауландырып стационарлық емге алынады , ол ем қақырығы туберкулез таяқшаларынан тазартылғанға дейін 6-8 айға созылады сонан кейін емнің жалғастыру кезеңіне ауыстырылып емін амбулаторно тұрған жерін 12-15 ай емделеді Емдеу кезінде берілетін дәрілер тегін және үздіксіз қамтамасыз етіледі Жергілікті әкімшілік тарапынанда емді жалғастыру кезеңінде науқас адамдарға азық-түліктеермен көмек көрсетіледі 2012 жылы аудан бойынша 1 адамға пәтер бөлінді және 21 науқастың әрқайсысына 10 000 тенге көлемінде азық- түлік таратылып берілді 2013 жылы тағы бір от басына пәтер беру жоспарланып отыр Туберкулезбен ауыратын от басының мектеп жасына дейінгі балаларын сауықтыру үшін Сарыөзек кентінің балабақшасынан санаторлық топ ашылады Осындай іс-шаралардың жасалып жатқанына қарамастан аудан көлемінде емделу ережесін бұзып, стационардан өз бетімен қашып кетіп әлі күнге дейін тығылып жүрген ауру адамдар бар Ол ауруларға арнайы сот шешімі де (еркінен тыс емдеу) берілгенмен мекен- жайы белгісіз бұл науқастарды тауып, қайта емге алу мүмкін болмай тұр Бұл аурулардың халық арасында туберкулездің көптеген дәріге төзімді түрін таратуы мүмкін , сондықтан дәрігерге уақытында келіп , егер ауру анықталса оны төзімділікпен аяғына дейін емдеу қажет Ауруды асқындырып ем іздегенше оны болдырмаудың жолын ұстану қажет

Автор:
Халида УТЕГЕНОВА, Кербұлақ ауданы орталық аураханасының туберкулезге қарсы күрес бөлмесінің медбикесі