Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

«ЖЕТІСУ БӨРІСІ» АНЫҚТАЛДЫ


5 мая 2013, 11:36 | 1 537 просмотров



2013 жылдың «Жетісу Бөрісі» – талдықорғандық Жәнібек Дүйсенбаев атанды. Айдос Қаңлыбаев күмісті еншісіне байлады. Үшінші орын үшін таласта қапшағайлық Ернұр Ғайниұлы мен Алакөл ауданының балуаны Жігер Сәкенұлы айқасты. Салмағы жағынан өзінен бірнеше есе үлкен балуанды алып жыққан Жігер қолаға қол созды. Биылғы жеңімпаз Жәнібек Дүйсенбаевқа облыс әкімі Аңсар Мұсаханов «ВАЗ-2109» автокөлігінің кілті мен алтын белбеу табыс етті. Екінші орыннан көрінген Айдос 300000 теңгемен марапатталса, қоланы қомсынбаған Жігерге – 100000 теңге табыс етілді. Сонымен Астана қаласында өтетін республикалық «Қазақстан барысы» додасында облыс атынан Жәнібек Дүйсенбаев пен Айдос Қаңлыбаев сынға түседі.