Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

«ҚАЙРАТ» УЕФА КУБОГЫН ҰТЫП АЛДЫ


5 мая 2013, 11:34 | 1 054 просмотра



Алматының «Қайрат» футзал командасы УЕФА кубогын ұтып алды. Грузия мемлекетінде өткен ақтық сында қазақстандық ұжым Ресейдің «Динамо» клубын сан соқтырып кетті. Бірінші тайм 1:1 есебімен тең аяқталғанына қарамастан, үзілістен кейін жұдырықтай жұмылған алматылық клуб «Динамо» командасының қақпасына қатарынан үш доп соқты. Алдымен, Лео Сантана командасын алға шығарса, келесі сәттерде Фумаса мен Игита есепті 4:1-ге жеткізді. Қарымта шабуылға шыққан ресейлік спортшылар екі голмен жауап бергенімен, олардың одан артыққа шамалары келмеді. Қортынды есеп 4:3, «Қайрат» УЕФА кубогының жеңімпазы. Жартылай финалда Какау шәкірттерінен аса алмаған «Барселона» клубы Грузияның «Иберия Стар» командасын жеңіп, үшінші орынға қанағат тұтты.