Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

ШІЛДЕ АЙЫНДА ШЫЛЫМ ҚОРАПТАРЫН ДА СЫРТЫНА ТЕМЕКІ ТАРТУДЫҢ ЗИЯНЫ ТУРАЛЫ ПИКТОГРАММАЛАР ЖАЗЫЛАДЫ


26 апреля 2013, 16:24 | 1 776 просмотров



Қазақстанда ағымдағы жылдың шілдесінде шылым қораптарында шылым шегудің зияны жайында ескертетін және шылым шегушілердің ішкі органдары бейнеленген пиктограммалар пайда болады,

деп хабарлады Рrimeminister.kz сайтына берген эксклюзивті сұхбатында Медициналық көмек ұйымдастыру департаментінің директоры Ажар Төлеғалиева.

«ТМД елдері арасында алғаш рет біздің елімізде шілде айында шылым орамдарының сыртында алдын ала ескерту суреттері пайда болды, онда тек шылым шегудің зияны ғана емес, қандай аурулар пайда болуы мүмкін сол жайлы суреттер бейнеленеді - инсульт, инфаркт және т.б.», - деді А.Төлеғалиева.

Сонымен қатар, ол аталған пиктограммалар жүкті әйеледердің түсік тастау қаупі және терінің уақытынан бұын қартаюына шылымның әсері туралы ескертілетінін атап өтті.

Бұдан өзге, Департамент директоры Денсаулық сақтау министрлігі бүгін Кедендік одақ және ЕурАзЭҚ шеңберінде пиктограммалар қолдану практикасын енгізуге белсенді атсалысатынын хабарлады.

Денсаулық министрлігінің мәліметінше, Қазақстанда жыл сайын темекі тартудың салдарынан 25 мыңнан астам азамат көз жұмады. Айта кету керек, темекі тартудың алдын алу бойынша іс-шаралар заңнамаға шектеу шараларын енгізу арқылы жүргізіледі. Бүгінгі таңда 2006 жылы ДДҰ темекіге қарсы күрес бойынша Шекті келісіміне Қазақстанның бекітуі нәтижесіндегі міндеттер жүзеге асырылған.

Осылайша, «Халық денсаулығы туралы» Кодексінде 18 жасқа дейінгі тұлғаларға темекі сатуға, бөлшектеп сатуға, қоғамдық жерлерде шылым шегуді шектеуге тиым салу бекітілген. «Жарнама туралы» заңда темекі өнімдерінің ішкі жарнамасына тиым салынған.

Автор:
ҚАЗАҚПАРАТ