Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

24 CӘУІР- ЖАСТАР ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫНЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КҮНІ


26 апреля 2013, 10:19 | 2 352 просмотра



Демократиялық жастар дүниежүзілік федерациясының шешімімен жыл сайын 24 сәуір күні Жастар ынтымақтастығының халықаралық күні атап өтіледі.

Тұңғыш рет мереке 1957 жылы өткізілді.

Бұл естелікті дата мемлекеттік органдардың, қоғамның және бұқаралық ақпарат құралдарының назарын жастар проблемасына аударту үшін тағы бір себеп болып табылады.

Қазіргі қоғамда жас болу оңай ма - бұл жастардың өз проблемаларын шешуде ынтымақтастықта болу дәрежесіне байланысты.

Аталмыш датадан бөлек, ғаламшар жастарына арналған бірнеше мереке бар, олар - 12 тамыз күні атап өтілетін Халықаралық жастар күні және 10 қараша - Дүниежүзілік жастар күні.