Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

ҚҰС ТҰМАУЫНЫҢ ҚАТЕРІ


26 апреля 2013, 10:11 | 2 698 просмотров



Соңғы апталарда медицина қауымдастығы назар салған ақпараттың бірі Қытайдағы құс тұмауы. Соңғы деректерге сүйенсек, осы күнге дейін құс тұмауына 102 адам шалдығып, оның 20-ы көз жұмған. 20-21 сәуірде бір тәулік ішінде құс тұмауын 6 адам жұқтырған. Дегенмен науқастар саны өскенімен тұмаудан 12 адам сауығып, ауруханадан үйлеріне оралыпты.

Құс тұмауының жаңа H7N9 вирусына шалдыққан науқастар туралы ақпарат өткен айдың соңында жария болған еді. Одан бері әлемдік медицина қауымдастығында бұл вирус төңірегіне қызу пікір талас орын алды. Қытай мамандарының сөзіне сүйенсек, дәл қазіргі уақытта H7N9 вирусының адамнан адамға жұғуы байқалмаған. Тіркелген жағдайлар арасында эпидемиологиялық байланыс жоқ. Ал қатерлі вирус термиялық өңдеу арқылы жеңуге болатынын айтады қытайлық мамандар. Дегенмен, бір топ беделді ғалымдар егер вирус мутацияға ұшыраса, адамнан адамға жұғып эпедемия туындау қаупі бар екенін алға тартып отыр. Екінші топ ғалымдар байбалам салудың қажеті жоқ деп сабырлық ақтауға шақырады.

Қазірдің өзінде қауіпті вирус Қытайдың 5 провинциясында тіркелді. Шанхай, Цзянсу, Аньхой, Хэнань және Қытай астанасы Бейжіңде. Құс тұмауы алғашында жөтелден басталып, кейіннен дене қызуы көтерілу салдарынан ауыр респираторлы белгілері пайда болып пневмонияға әкеледі деп дабыл қағуда мамандар. Олардың пайымынша, әзірше H7N9 вирусы адамға тек ауру құстан жұғады, сондықтан көпшілік вирутың аа қауіптілігін аңғармай отыр. Алайда вирус мутацияға ұшырап, адам үшін аса қауіпті жұқпалы індетке айналуы мүмкін. Ғалымдардың дабыл қағуының бірден-бір себеп вирустың қайдан шыққаны туралы нақты мәлімет жоқ, вирустың құспен байланысы бар екені ғана анықталған. Бастапқыда қауіпті вирустың қытай өздерінен ауланған өлі үйректерден және жүздеген өлі шошқалардан пайда болды деген ақпаратты Қытай үкіметі жоққа шығарған еді.

Тұмаудың бұл түрін толық тексеру үшін Қытайың өзінде 140 орталықтарында зерттеу жұмыстары жүргізіуде. БҰҰ-ның бастамасымен Қытай астанасына қауіпті инфекцияны зерттеу үшін 10 француз ғалымдары жіберілді. Францияда H7N9 вирусына қарсы вакцина жасала бастаған. Брінші кезекте зерттеуі француз ғалымдары құстардан бастайды.

ПАНДЕМИЯ ЌАУПІ

Дәрігер мамандардың пікірі екіге бөлінді. Мысалы, Лондон университетіндегі вирусология профессоры Джон Окфордтың пікірінше, жағдай қалай өзгеретіні белгісіз болғаныменен 1918-1919 жылдардағы эпидемия қайталанбайды және байбалам салудың қажеті жоқ.Бірақ, құс тұмауы туралы қытай ғалымдары The New England Journal of Medicine басылымына құс вирустарының жаңа штамдарының «пандемиялық патенциалына» немқұрайлы қарауға болмайды деген еді. Олардың пайымынша, осы іспеттес инфекциялар адам популяциясына аса үлкен зиян әкеледі. Қытайлық әріптестерінің пікірлерімен Еуропа және АҚШ ғалымдары келіспейді. Олардың пайымынша, пандемия туралы тек құс вирусына шалыққандар саны апта сайын 10 есеге көбейіп жатса ғана айтуға болар еді. Ал бүгінгі жағдайда науқастардың ауруға шалдығуы соншалықты көп емес.

ЕМІ ТАБЫЛДЫ...?

Құс тұмауынан сауығып шыққан науқастар бар. Дәрігерлер вирустың емін тапты деп тағы дабыл қақты ақпарат құралдары. Қытай астанасындағы «Дитань» ауруханасына H7N9 вирусы бар деп түскен 7-жасар Яо есімді қыз 6 күннен кейін толықтай жазлып шықты. Бұл туралы Бейжің ауруханасының өкілдері мәлім еткен. Аурухана мамандарының айтуынша, кішкентай қыздың дене қызуы қалыпқа келіп, 4 мәрте қайта тексеруден соң вирус анықталмаған. Қыз бала қазір үйіне жіберілді, тіпті мектепке де баруына болады. Кішкентай Яодан басқа тағы да 11 науқас сауығып шыққан. Қазір олардң барлығы қайтадан үйреншікті өміріне кірісті. Алайда қытай ауруханаларда H7N9 вирусын жұқтырған 70 адам бар.

ЌОСЫМША

Адамзат тарихында халықтың тұмаудан қырылған жағдайлары болған. 1918-1919 жылдары «испанка» пандемиясы 20 миллионнан 40 миллионға дейін адам өмірін алып кеткен. Бұл бірінші дүниежүзілік соғыста өлген аам санынан көп. Одан кейін 2009 жыың сәуірінен 2010 жылға дейін H1N1 шошқа тұмауынан 284 500 адам көз жұмған. Әртүрлі деректер бойынша, жыл сайын « маусымық» тұмаумен миллиардқа жуық адам ауырады екен. Оның ішінде 500 мыңнан 3 миллионға дейін аурудан сауықпай кетеді екен.

Құс тұмауы қайдан шықты

Ресми деректерге сүйенсек, құс тұмауы Оңтүстік-Шығыс Азия аймағында бұрыңғы заманнан бері болған. Құс тұмауының өзіндік табиғи ошағы бар. Бізге белгілі ресми деректер бойынша осы уақытқа дейін құс тұмауы тек Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінде ғана орын алған. Алғашында құс тұмауы суда жүзетін құстарда үйрек пен қазда кездесіп, кейіннен үй құстарына тараған. Қазіргі H7N9 вирусы тауық, үйрек және кептерде табылған.

Соңғы 15 жылда құс тұмауы 3 рет тіркеліп отыр. Құс тұмауы алғашында Гонгконгта 1997-1998 жылдары кезеті. Сол кезде құс тұмауымен 18 адам ауырып, 6 адам көз жұмған. Екінші рет оқиға 2003 жылы Вьетнамда болды. Осы жылы Оңтүстік Шығыс Азияда 10 елде құс тұмауы тіркелді. Ең ауыр жағдай Вьетнамда орын алды. 25 адам ауруға шалдығып, оның 19 көз жұмған. Қалған 9 мемлекетте құс тұмауынан өлім тіркелмеді.

Қазір Қытайда құс тұмауына шалдыққан науқастар саны 100-ден асты. Бірақ ДДҰ ауруға шадыққанар саны бұдан да көп болуы мүмкіндігін жасырмайды. ДДҰ Қытайда көп науқастар тіркелмей қаып жатыр, әрі ел үкіметі науқастардың шын санын әдейі жасырып отыр деген күдіктен арылған емес.

Уақыт өткен сайын пайда болған құс тұмауының әр түрі алғашқысынан қатерлі, әрі қауіпті. Алғашқы екі жағдайда құс тұмауының А(Н5N1) түрі болса, қазіргі түрі A(H7N9) мүлдем басқа. Вирустың H7 түрі 2003-2004 жылдары Пәкістанда және АҚШ-тың Делавэр штатындағы құс фабрикасының тауықтарында тіркелген. Қазіргі вирус сол вирус па екені белгісіз, бірақ АҚШ-та құс тұмауымен еш бір адам ауырған емес. Ал Пәкістандағы жағдай ДДҰ-на беймәлім болып қалды.

Автор:
Дайындаған: Мәдина ОМАРҚҰЛОВА