Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

ЕМДЕУГЕ ЖАТҚЫЗУ БЮРО ПОРТАЛЫ ТУРАЛЫ


26 апреля 2013, 16:10 | 2 161 просмотр


Емдеуге жатқызу бюросының Порталы-бұл Қазақстан Республикасының әрбір тұрғыны үшін қол жетімді ғаламтордағы веб –сайт, жоспарлы емдеуге жатқызуға жолдау жағдайларында клиника, емхана және пациент арасындағы орталықтандырылған өзара әрекеттесуді қамтамасыз етеді. Емдеуге жатқызу бюросының www. bg.eisz. kz веб – сайтында Сіз Порталда жасақталған кодыңызға сәйкес өңірлік және республикалық клиникалар бойынша ағымдағы күту парақтарын қарап, өз кезегіңізді бақылай аласыз. Жоспарлы емдеуге жатқызу – шұғыл емдеуді қажет етпейтін пациенттің жай – күйі барысында, пациентті амбулатория дәрігерінің жолдамасы бойынша стационарлық емдеуге жатқызу.

Стационарда қалай емделуге болады? Стационарда емделу туралы мәселені көрсетілімдер бар болған жағдайда Сіздің емдеуші дәрігіріңіз шешеді, ол емдеуге жатқызу үшін, қажетті зерттеулерді алдын ала жүргізеді. Өткізілген зерттеуден кейін емдеуші дәрігер Емдеуге жатқызу бюросының Порталында өтінімді орналастырады. Сіздің қалауыңызды есепке ала отырып және тиісті бос орындар болған жағдайда, клиниканы емдеуші дәрігер таңдайды. Таңдалған стационарда орындар жоқ болса, емдеуші дәрігер Сізге баламалы клиниканы ұсынады. Клиника емдеуге жатқызудың алдын ала күнін белгілегеннен кейін, дәрігер жолдаманы рәсімдеп, Сізге береді. Жолдамада жоспарлы емдеуге жатқызудың автоматты түрде жасақталған коды және емдеуге жатқызудың алдын ала күні көрсетіледі. Пациент клиникаға көрсетілген мерзімде келуі тиіс. Пациент келмеген жағдайда өтінімнің күші жойылады.

Егер науқас облыс немесе республика көлеміндегі ауруханаларға жолданған болса, онда ол жолдамамен емхана менгерушісіне жолығады. Казіргі кезде ол адамдар ауруханаға жатқызу Порталы бойынша жататын мерзімі анықталып, белгіленген күні жолданған ауруханасына жатқызылады. Емхана Порталы науқастың толық дерегін интернет жүйесі арқылы жолданған ауруханаға жібереді, аталған аурухана Порталы пациенттің дерегімен танысып, жатқызып емдеу күнін немесе жатқызбау себебін көрсетіп интернет арқылы емхана Порталына жауап береді. Емхананың тиісті маманы пациентпен өздері берген телефон арқылы тілдесіп, аурухана Порталы берген мәліметті хабарлайды.

Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесі енгізілмеген кезде науқастар жоғары мамандырылған көмек алу үшін, өздері облыс орталығындағы аймақтық комиссияға барып, квота алулары керек болған. Қазіргі таңда аталған жұмыс электрондық почта арқылы науқастың қатысуынсыз іске асырылуда.

Автор:
Г.С. Оксукбаева ҚР ДСМ «Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы» ШЖҚ РМК Алматы облыстық филиалының бас маманы