Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

«БЕКІТІЛГЕН ХАЛЫҚ ТІРКЕЛІМІ» ПОРТАЛЫ ТУРАЛЫ


26 апреля 2013, 10:09 | 2 785 просмотров


Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрлігінің жауапты хатшысы С. Мусинов мырзаның № 08-6-1400/и 2012 жылдың 6 наурызындағы хатына сәйкес 2012 жылғы 30 наурызынан бастап «Бекітілген халық тіркелімі» порталында (бұдан әрі - БХТ) бекітілген халық тіркелімін қалыптастыруды және «БХТ» порталында созылмалы, бүйрек функциясының жеткіліксіздігі, қант диабеті, туберкулез, қан айналымы жұйесінің аурулары, фертильді жастағы және жүкті әйелдерді, онкологиялық науқастарды, гематология, гепатит, қымбат тұратын (орфандық) аурулар, психикалық бұзылу және мінез – құлықтың бұзылуы, басқа да диспансерлік тобы бойынша халықтың диспансерлік тобын тіркеп жүргізуді қамтамасыз ету қажет.

Сонымен қатар, туу және қайтыс болу (соның ішінде перинаталдық өлім) фактілерін тек БХТ порталы арқылы тіркелуі қажет.

Алматы облысының медициналық мекемелері «Бекітілген халық тіркелімі» порталында бекітілген халық тіркелуі, халықтың диспансерлік топтар бойынша тіркелуі, туу және қайтыс болу (соның ішінде перинаталдық өлім) фактілерін тіркелуі туралы ақпаратты «Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы» ШЖҚ РМК Алматы облыстық филиалына ұсынуы керек.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі «Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы» ШЖҚ РМК Алматы облыстық филиалы «Бекітілген халық тіркелімі» порталының мониторингін жүргізеді.

Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ұсынған тірі туу мен өлі туу өлшемдеріне өтуі жөніндегі іс-шараларының жоспарына сәйкес және медициналық ұйымдардағы туу, қайтыс болу және перинаталдық өлімді растайтын бастапқы медициналық құжаттардың жүргізілуін тәртіпке келтіру мақсатында, «Туу, қайтыс болу және перинаталдық өлім жағдайларын куәландыратын медициналық құжаттаманы енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2007 жылғы 27 тамыздағы № 520 бұйрығымен «Туу туралы медициналық куәлік» № 103/у-07, «Қайтыс болғаны туралы дәрігерлік куәлік» № 106/у-07, «Перинаталдық өлім туралы дәрігерлік куәлік» № 106-2/у-07 бастапқы медициналық құжаттамасының есептік нысандары және туу, қайтыс болу және перинаталдық өлім жағдайларын куәландыратын бастапқы медициналық құжаттаманы толтыру және беру жөніндегі нұсқаулық бекітілген.

«Бекітілген халық тіркелімі» порталына әрбір участкелік дәрігердің жеке логині, құпия сөзі арқылы кіруге, бекітілген халық тіркеуіне, диспансерлік топтар бойынша тіркеп жүргізуге, туу және қайтыс болу (соның ішінде перинаталдық өлім) фактілерін тіркеп, бастапқы медициналық құжаттамасының есептік нысандарын шығарып алуға мүмкіндіктері бар.

Автор:
Гульбану КУНАЕВА ҚР ДСМ «ДСДРО» ШЖҚ РМК Алматы облыстық филиалы, медициналық статистика және ұйымдастыру-әдістемелік бөлімі бастығы