Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

ЕЛБАСЫНЫҢ ЕСКЕРТУЛЕРІ ЕЛ НАЗАРЫНДА ЖҮРУІ ТИІС


26 апреля 2013, 10:07 | 2 096 просмотров



Салтанат ОМАРБЕКОВА, Жамбыл облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы

– Салтанат Жамалбекқызы, сіз осы саланың білікті әрі тәжірибелі маманы ретінде елімізде тұрғындардың денсаулығын қорғауға бағытталған іс-шаралар қаншалықты жемісін бере бастады деп ойлайсыз? Аймақта жаңа құралдардың көптеп сатып алынуы, телемедицинаның кеңінен қолданылуы оңды өзгерістерді байқатады. Алайда заманға сай дәрігерлер жеткілікті ме?

– Бүгінде аймақта барлығы 2483 дәрігер, 9078 орта буын қызметкерлері, барлығы – 11 561 қызметкер еңбек етіп келеді. Оның ішінде 3 медицина ғылымдарының докторы, 28 ғылым кандидаты бар. Медицина ұйымдарын кадрлармен қамтамасыз ету мақсатында нақты шаралар атқарылуда, ауылды жерлерде барлық дәрігерлер тұрғын үй¬мен қамтамасыз етіліп, оларға әлеуметтік көмек ретінде берілетін қаржы 200 000 теңгеге дейін артты.

Нарық заманы туындатқан қиындықтарға қарамастан, облысымыздың денсаулық сақтау саласы алға жылжуда. Медициналық қызмет көрсетудің бәсекелестік ортасы біршама қалыптасып қалды. Об¬лысымыздың денсаулық сақтау саласындағы қордаланған проб-лемалар күннен - күнге біршама шешіліп келеді. Кез келген медициналық қызметтің қолжетімді болуы үшін – оның жұмысына қажетті мүмкіндіктерді қалыптастыру. Сондықтан облыстың емдеу мекемелеріне медициналық құрал- жабдықтар алу үшін былтыр 400 млн теңге, биыл 550 млн теңге бөлінді. Алдағы жылда мұндай қаражат көлемі әлі де көбейеді деп жоспарлануда.

Өткен жылға қарағанда, қан айналымы ауруларынан болатын өлім көрсеткіші облыста 28 пайызға төмендеді. Аурудың бұл түрінің жыл сайын артуына байланысты, жергілікті емдеу орындарында 185 төсек-орын бөлінді. Биыл ауру¬дың осы түрін скринингтеу үшін 160 мың адам тексерілуден өтуі керек. Сонымен бірге жақында ашылған инсульт орталығының жұмысын біршама жандандыруды жоспарлап отырмыз. Осы мақсатта облыстық аурухана жанынан шұғыл кардиологиялық бөлімше ашылып, жүректе пайда болған ақауға дер кезінде коронография, стент қою және қажет бола қалған күнде электрокардиостимулятор орнатуға мүмкіншілік туды.

2009 жылы қазан айында облыстық аурухана базасында ашылған 20 төсектік кардиохирургия бөлімінде короногра¬фия, жүректің тамырларына стент қою, жүрек қалақшаларын ауыстыру, аортокоронарлық шунт салу тәрізді ота түрлері жасалынды. Бұрын Алматы, Астана қалаларында жасалатын күрделі операцияларды енді өзімізде де өткізу мүмкіндігіне ие болдық. Өткен жылы 860 нуқасқа коронография жасалса, оның 816-сы жоспарлы, 44-і жедел түрде болды. Стент орнату 111 науқасқа жасалса, оның 94-і жоспарлы, 17-сі жедел кезеңде қойылды. Былтыр он айда 823 науқасқа коронография, оның 241-і – жедел, 582-сі жоспарлы түрде жасалып, 200 науқасқа стент қойылды. Артериография мен аортография 125 науқасқа жүргізілді. Соңғы уақытта білікті де білімді кардиохирург дәрігер, медицина ғылымдарының докторы, профессор Жошыбаевтың «Кардиохирургия орталығының» көмегімен жүрекке барлығы 165 операция жасалып, оның 125-не аортокора¬нар¬лық шунт қойылды. Туа біткен жүрек ақауына (ВПС) – 9, жүре біткен жүрек ақауына – 20, ал 125 науқасқа бас¬қа жүрек сырқаты бойынша хирургиялық операция орындалды. Электрокардиостимулятор (ЭКС) 23 науқасқа қойылды. Жүрек-қан тамырлары аурулары бойынша республикадағы үздік саналатын орталықтың білікті мамандары аймақ дәрігерлерімен жұмыс тәжірибелері бойынша пікірлер алмасып, ше-берлік сыныптарын да өткізіп келеді. Ғылым мен медицинаны ұштастыру, жаңа технология негіздерінен хабардар болып отыру, оны өз тәжіри¬белеріне енгізу – орталық дәрігерлерінің басты міндеті. Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесі негізінде және жалпы емханаға жатқызу портал бюросы бойынша мұндағы науқастардың 95 пайызы мемлекеттік тапсырыспен тегін емделуде. Жа¬салып жатқан хирургиялық араласулардың 94 пайызы «ашық оталар» болып саналады. Облыстық денсаулық сақтау басқармасымен тығыз байланыстағы орталық мамандары жедел санитарлық авиация қызметімен бірге шалғай ауылдар мен елді мекендерді аралап, тегін медициналық кеңес беру, талдау-сараптау жасау жұмыстарын да жүйелі түрде жүргізіп келеді. Жалпы, ма¬мандардың біліктілігі мен кәсіби білімділігінің арқасында барлық операциялар жоғары деңгейде, оң ықпалда жасалынып, науқастардың толық айығып кетуіне барлық жағдайлар ұйымдас-тырылуда. Өттегі тасты да хирургиялық жолмен алғанда, бұрынғыдай ашық түрдегі үл¬кен операцияларсыз лапароскопиялық жолмен алу – науқастың тез сауығып кетуіне мүмкіндік туғызуда. Соңғы уақыттары мұндай бағыттағы барлық опе¬рациялар эндовидеолапарос¬ко¬пиялық тәсілмен, яғни жаңа технологиялық жолмен холецистэктомия отасы арқылы жасалуда.

– Айтпақшы, санитарлық авиация сіздерде қаншалықты тиімді пайдаланылып жатыр?

–Ауыл тұрғындарына жедел меди¬ци¬налық көмек көрсету мақсатында соңғы жылдары санитарлық авиация қызметі де қалпына келтіріліп, көптеген аурулардың дер кезінде жоғары деңгейде дәрігерлік көмек алуына мүмкіншілік кеңейе түсті. Бүгінгі таңда бұл бөлімше соңғы үлгідегі көліктер мен реанимобильдермен қамтамасыз етілген. Олар¬дан басқа санавиация жүйесіндегі «АН-2» ұшағы да шалғай ауылдар мен ауылдық елді мекендер тұрғындарына же¬дел медициналық қызмет көрсету бағытында жұмыс атқаруда. Өткен жылы санавиация көрсеткен көмегінің кө¬лемі көбейді.

Облыстық емдеу мекемелерінің дәрігер-мамандары аудандық ауруханалармен (Байзақ және Жамбыл АОА-дан бас¬қа) телемедициналық байланыс арқылы қажет болған жағдайда дер кезінде кеңес беріп отырады. Бүгінде телемедицина арқылы республикалық ғылыми орталықтармен (Алматы, Астана қалаларындағы) де байланыс жақсарды. Сондай-ақ алдағы уақытта барлық емдеу, алдын алу мекемелерінде жастар денсаулық орталықтары ашылатын болады. Бүгінде мұндай орталықтар Тараз қаласы Сарысу ауданындағы емханада жұмыс істеуде.

– Соңғы уақытта халық саны қаншалықты көбейді. Қызмет те соған сай лайықталып жатыр ма?

– Статистика агенттігінің деректері бойы¬нша Жамбыл облысының тұрғын¬дары 1 069 474 адам, 2011 жылы – 1 052 407 адам, соның ішінен қалалық тұрғындар – 331 222, 2011 жылы – 326 667, ауыл тұрғындары – 738 252, 2011 жылы – 725 740 адамды құрады.

Облыстағы туу көрсеткіші 1000 тірі ту¬ғандарға шаққанда алдыңғы жылдың деңгейінде – 25,4, соның ішінде Тараз қаласында өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 44,2-ден 45,0-ге дейін жетті. 25400 нәресте дүниеге келді. Өлім-жітім 1000 адамға шаққанда 2011 жылдың 7,68-нен 2012 жылы 7,62-ге дейін төмендеді, соның ішінде Тараз қаласы бойынша өткен ұқсас кезеңімен са¬лыстырғанда 8,67-ден 8,51-ге дейін тө¬мендеді.

Биылғы қаңтардағы есеп бойынша медициналық ұйымдар құрамында 474 мекеме бар, оның 434-і мемлекеттік, соның ішінде 54 ауруханалық, соның ішін¬де 12 жекеменшік, 176 амбулато¬риялық-емханалық мекеме тіркелген. Медициналық жоғары оқу орын¬дарында үшжақты келісім негізінде әкім¬¬нің гранттары арқылы 2011 жылы 30 студент және 2012 жылы 29 сту¬дент оқып жүр. Жергілікті бюджет есебінен шетелде оқу үшін 5 дәрігер Но-восибирск қаласына жіберілді. 98 жас маман жұмысқа орналастырылды, оның 59-ы ау-ылдық жерлерде, 51-і тұрғын үймен және әлеуметтік пакеттермен қамтамасыз етілді. Біліктілікті арттыру, даярлау және қайта даярлау жұмысына қарамастан, аудандар мамандықтар бойынша кадрлық тапшылықты нақты бағалаумен осы проблема шешімін таппай отыр. Бү¬гінгі күні 201 дәрігер жетіспейді, қалаға 106 және ауылдық жерлерге 95 мବман қажет.

– Тағы бір жылдың табалдырығын аттадық. Қиындықтан шығудың, кемшіліктерді жоюдың жолдары қарастырылуда ма?

– Шешу жолдары бар және ол қа¬рас¬тырылып жатыр. Денсаулық сақтау жүйесінің ең маңызды проблемаларының бірі – бұл дәрігер кадрлармен жасақтау жә¬не олардың даярлық деңгейі. 2012 жылы облысқа 98 жас маман келіп, жұ¬мыс¬қа орналастырылды, оның 59-ы – ауылдық жерлерге. Әлеуметтік пакеттермен 51-і қамтамасыз етілді, 9 жас маманға тұрғын үй берілді. Мамандардың даярлық деңгейін арттыру үшін және сапалы оқытуға қол жеткізу үшін республиканың ғылыми орталықтарымен және жоғары оқу орындарымен ең өзекті тақырыптар бойын¬ша 85,5 млн теңгеге 11 келісімшарт жасалды. 59 маманды мақсатты даярлау үшін облыс әкімінің гранты бөлінді. Соған қарамастан, аймақ бойынша нақты кадр тапшылығы сақталуда және жылдық есептің қорытындысы бойынша аудандарға бүгінгі күні 201 дәрігер жетіспейді. Біз медициналық жоғары оқу орындарында оқитын облыс түлектерінің тізімін алып отырмыз. Медициналық ұйымдардың бірінші басшылары жас мамандарды тарту үшін жоғары оқу орындарын аралап келді. Егер ауылдық жерге медициналық нысандарды соғу барысында ведомст-волық тұрғын-жайларды бірге соққан немесе жалға алынатын тұрғын-жайлар болған жағдайда жас мамандарды жергілікті жерде ұстап қалу жеңілге түсетін еді. Денсаулық сақтау жүйесінің ең басты критерийі – көрсетілетін медициналық қызметтің сапасы екендігі анық. Денсаулық сақтау жүйесі ең сынды са¬лаға жа¬тады, сондықтан біздің тара-пы¬мыздан барлық түскен арыз-шағымдар және өтініштерге талдау жүргізілді. «Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығының» Жамбыл филиалы жүргізген ресми сауалнама нәтижесі бойынша денсаулық сақтаудың нашарлығы туралы әр 27-ші респондент немесе сауалнамаға жауап берген тұрғындардың 3,8 пайызы айтқан. Себептер бойынша талдау кезінде ем¬ханаларда тексерудің және емдеудің сапасыздығына және медициналық-әлеуметтік сараптама комиссиясына жіберу, сонымен қатар еңбекке жарамсыз парағын беру негізділігіне, дәрімен қамтамасыз ету кемшіліктеріне арыз-шағымдар басым болып табылады.

Сонымен қатар дәлелденген өтініштердің саны үштен бір бөлігін. Мемлекет кепілдік берген өз құқықтары туралы азаматтардың нашар ақпара¬тан¬дырылғаны маңызды фактор болып табы¬лады. Осының бір ерекшелігі, стационар жұмысына азаматтардың 95,1 пайызы толық қанағаттанса, ал емхана жұмысына тұрғындардың 81,0 пайызы қанағат-танған. Аталған проблемаларды шешу үшін жұмысты әрі қарай жалғастыратын боламыз.

Денсаулық сақтау саласының жұмысы нәтижесінде 2012 жылы ауруханаларда 219 491 адам емделіп шықты, ол іс жүзінде 1 тәулік ішінде 601 адамды құрайды. Облыста күн сайын 87 операция жасалады, 75 нәресте дүниеге келеді. Емханаларға күн сайын 18 181 пациент жүгінеді. Тәулік ішінде жедел жәрдем көмегін облыстың 1100 тұрғыны шақырады.

Емдеу-алдын алу ұйымдарының бірінші басшыларының медициналық жо¬ары оқу орындары өткізетін вакансия жәрмеңкелеріне жас мамандарды тарту үшін қатыстыру, ауылды жерлерге жас мамандармен қатар қалаға келген мамандарға да әлеуметтік пакеттер бөлу мәселесін шешу керек-ақ.

Облыс бойынша медициналық құрал-жабдықтармен жабдықтау деңгейі 2005 жылғы 3,1 пайыздан 2013 жылдың 1 қаңтарында 44,4 пайызды құрады, республикалық деңгейі 56,3 пайыз, соның ішінде балалар және әйелдер босанатын мекемелер бойынша пери-натальдық орталықтар жарақтану – 61,3 пайыз, балалар ауруханалары – 69,3 пайыз.

2013 жылға қаржыландыру жөніндегі бюджеттік өтінімдер тапсырылды. 4 емхананың құрылысына жергілікті бюджет есебінен жо¬балау-сметалық құжаттамаларды әзірлеу үшін қаржы бөлінді. Былтыр 28 денсаулық сақтау нысанында 343514,0 мың теңге көлемінде күр¬делі жөндеу жүргізілді. Дәрі-дәрмек¬пен қамтамасыз ету жақсарды. 2012 жылы амбулаторлық деңгейде тегін ме¬дициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде белгілі аурулары бар халықты мамандандырылған ем-тағамдармен тегін қамтамасыз ету үшін 1 331 226 млн теңге бөлінді.

– Қазір қазақты қинаған дерт қан айналымы жүйелері, қатерлі ісік, қан құрты т.б. Бұл мәселеге қарсы қандай шаралар қабылданып жатыр?

– Облыста қан айналымы жүйелерінің ауруларынан өлімді төмендету бойынша біршама жұмыс атқарылды: облыстық ауруханада кардиология бөлімшесі кеңейтілді. Ангиографиялық зертхана ашылды.

Өлім-жітімді төмендету және мүгедектіктің алдын алу үшін инфаркқа тәуелді коронарлық артерияға ангиопластика және стенттеу жасаумен шұғыл зерттеу жасалады. Облыстық аурухананың мамандары кардиология мәселелері бойынша даярланды. Ауруларға шұғыл медициналық көмек көрсету үшін «Кардиологиядағы инновациялық технологиялар» тақырыбында 75 дәрігер оқуға жіберілді.

ЖКС пациенттерге барлық сатыда шұғыл медициналық көмек көрсету алгоритмдерін орындау үшін ЭКГ мониторларын, дефибрилляторларды және оксиметрлерді сатып алу және БМСК ұйымдарының кардиологиялық кабинеттерін жабдықтау үшін Тараз қаласы жедел медициналық көмек стансасына және аудандарға, стационардың қабылдау бөлімшелеріне санитарлық автокөлік сатып алу биылға жоспарланып отыр.

Ұйымдастыру-әдістемелік және практикалық көмек көрсету үшін мониторинг тобының мамандары аудандарға 90 сапар жасаған. Әр ауданда кемшіліктерді талқылаумен, оларды жою бойынша ұсыныстар бере семинар-кеңестер өткізілді. Туберкулез қызметін қаржыландыру өсті. Туберкулез бойынша эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыру үшін Тараз қаласындағы қолданыстағы бала¬лар бақшасында қосымша 3 санаторлық топтарын ашу қосымша жоспарланып отыр.

2012 жылдың қорытындысы бойынша өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда жұқпалы аурулар төмендеп келеді, соның ішінде вирустық гепатит, бруцеллез, дизентерия аурулары төмендеген. Безгек, оба, туляремия, паратиф, күйдіргі аурулары тіркелмеді, бірақ Конго-Қырым гемморагиялық қызбасының оқиғалары тіркелді. Мақсатты қаражат бөлу арқасында профилактикалық және эпидемияға қарсы шаралар дер кезінде орындалып, оба және туляремия ауруларының табиғи ошақтарында, сондай-ақ күйдіргі бойынша ста¬ционарлық сәтсіз орындарда кешенді бағдарламалар іске асырылды. Биыл онкологиялық қызметтің көрсеткіштерін жақсарту мақсатында 3-қалалық емханада онкокабинеттерін, облыстық диагностикалық орталығында 12 маммологиялық және 1 проктология¬лық кабинет ашу жоспарлануда. Республикалық бюджет есебінен онкодис-пансерге компьютерлік томограф сатып алу қарастырылған.

– Әңгімеңізге рақмет! Алдағы жұ¬мыстарыңызға табыс тілейміз.

Автор:
Сұхбаттасқан Жолдасбек ДУАНАБАЙ.