Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

ҒАЛЫМДАР ТІРШІЛІК БОЛУЫ МҮМКІН ЕКІ ҒАЛАМШАРДЫ АНЫҚТАДЫ


26 апреля 2013, 10:06 | 1 978 просмотров



NASA ғалымдары тіршілік үшін барлық жағдайлары бар екі ғаламшарды анықтады, деп хабарлайды Утро.ру Science журналына сілтеме жасап.

Олар Kepler телескобының көмегімен табылды. Ғарыш денелері жерден 1200 жарық жылы қашықтығында орналасқан және Kepler 62 жұлдызын айналып жүреді. Осыған байланысты ғаламшарларға Kepler 62f және Kepler 62e атаулары берілді.

«Осы жаңалықтарды ескере отырып, біздің Жер тіршілігі бар жалғыз ғаламшар болмауы мүмкін», - дейді Сонома (Калифорния) экологиялық зерттеулер институтының қызметкері Томас Барклей.

Kepler 62f Жерге қатты ұқсайды. Ол біздің ғаламшардан 40%-ға үлкенірек. «Онда құрлық, су бар. Ғаламшар жұлдызды 267 күнде толық айналып шығады», - деп атап өтті NASA маманы Уильям Боруски.

Екінші ғаламшар - Kepler 62e. Ол жұлдызға жақын орналасқан. Боруски оны «су әлемі» деп атады. Ондағы жыл 122 күннен тұрады.

Сарапшының пікірінше, Кеплер 62f пен Кеплер 62e осыған дейін табылған ғаламшарлардың ішінен тіршілік үшін ең қолайлы мекендер болып табылады.