Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

ХХ ҒАСЫРДЫҢ СОҢҒЫ ОТЫЗ ЖЫЛЫ 1,4 МЫҢ ЖЫЛДЫҢ ІШІНДЕГІ ЕҢ ЖЫЛЫ КЕЗЕҢ БОЛДЫ


26 апреля 2013, 10:05 | 1 751 просмотр



Әртүрлі құрлықтағы соңғы екі мың жыл ішіндегі температура өзгерістеріне талдау осы кезеңдегі жаһандық салқындық 19 ғасырдың соңында ғана жылылыққа ойысқанын көрсетті, делінген Nature Geoscience журналында жарияланған мақалада.Бұл туралы ресейлік «Жаңалықтар» агенттігі хабарлады.

Құрамына әлемнің 78 елінен зерттеушілер кіретін PAGES 2k Network халықаралық ғылыми консорциумы соңғы екі мың жыл ішіндегі аймақтық, сондай-ақ жаһандық деңгейдегі климатты барынша толық қамту міндетін өз алдына қойды. Ғалымдар ағаштардағы жылдық сақиналардың өзгеруі, кораллдардың өсуі, өсімдік тозаңы, сталагмиттар туралы мәліметтерді, барлық құрлықтардағы 511 географиялық нүкте бойынша тарихи құжаттардағы ақпараттарды пайдаланды.

Атап айтқанда олар «Орташа ғасырлық жылылық» немесе «Кіші мұздық дәуірі» (15-17 ғғ.) кезеңін анықтады.

Тұтастай алғанда, ғалымдар соңғы екі мың жыл ішінде Жерде температураның төмендеуі байқалып, 19-ғасырдың соңында ғана оның тоқталып, жылылыққа ауысқанын анықтады. 1971-2000 жылдардың аралығындағы кезең 1,4 мың жыл ішіндегі ең жылы кезең болды», делінген мақалада.

Автор:
inform.kz