Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

АДАМ ДЕНЕСІНДЕГІ КЕРЕМЕТТЕР


26 апреля 2013, 10:03 | 2 302 просмотра



Адам денесі тылсым құбылыстарға толы. Адам айтса сенгісіз ерекше жүйелер өз денеңізде екенін білесіз бе?

Ең кішкентай «Радиостанция».

Адам денесінің әрбір клеткасы микро радиостанцияға ұқсас. Олардың тарататын электр толқынының жиілігі 150 герц айналасында, яғни радионың қабылдау жиілігінен сәл ғана төмен.

Ең керемет «Су насосы»

Адамның жүрегі күніне 6-8 тонна қанды ығыстырып шығара алады. Мысалы, жүректің үш жарым жылдағы шығарған қанымен алып кемені қалқытуға болады.

Ең ғажап «Мотор»

Адам өкпесінің сиымдылығы да таңғаларлық. Тыныс алған кезде кеуденің кеңею шегіне жетіп, 4.5L ауаны сыйғыза алады. Демек, өкпенің ауа сіміру көлемі 12.9 шаршыметр. Бұл бір кішкене бөлменің көлемімен бірдей. Өкпенің ішкі көлемі денеміздегі терінің көлемінің 50 есесіне тең.

Ең төзімді «Болат шыбық».

Денеміздегі қаңқа сүйектердің өзегі қуыс болғанымен, өте төзімді. Күш ғылымының заңдылығына сүйенсек, әр квадрат метр сүйегіміз бір тонна ауырлықты көтере алады екен.