Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

ЖАН ЕМІ


28 августа 2009, 21:49 | 2 791 просмотр


Рахым Бағлан, Талдықорған қаласындағы облыстық нашар еститін және саңырау балаларға арналған мектеп-интернаттың 8 сынып оқушысы,

республикалық «Жулдыз-ай» фестивалі поэзия номациясының, «Ұлан» газеті жариалаған «Азиада-2011» шығармашылық байқауының жүлдегері.


Ғасырдың ұлы ақыны

Қасиетті Қарасаз - ана төрінде.

Дүние есігін ашты ақын кезінде.

Кеңбұлақта еркін өскен атамыз.

Мақтанышпен жеткізеді сөзінде.

Қарасаздың табиғаты қандайды,

Тілмен айтып жеткізуге сыймайды.

Батыр баба Райымбекте сол жерді,

Мәңгі мекен етіп алды қолайлы.

Ел теңейді Мұқағали атаны,

«Ғасырлардың ұлы ақыны» деп жатады.

Ол рас, өйткені ақын жырларын тек

Жүрегінің қалауымен жазады.

Сүиіп қыр дана ақыным өзіңіз,

Небір сырлы тамаша ойлы сөзіңіз.

Жүрегім жібіп, көңілім сергіп өткенде,

Пайда болғандай дәл алдымда көзіңіз.

Құмартып жырыңызға беу тамсанам,

Сіздей ақын болуды мен аңсағам.

Қолымда ол құдрет болмағанмен,

Келеді сізге арнап ән жырлағым.

Ақын атам сырлы өлең жырлаған,

Киелі құс аққуларды қимаған.

«Аққулар ұйықтағанда» поэзиясы,

Жан тебіреніп, жүректерді шырмаған.

Ғашық болып «Қарлығашым, келдің бе?» деп,

Жырлайды ақын қазақтың қыздарына.

Жазғандары недеген сиқыр еді,

«Шеше, сен бақыттысың!» тағы басқа.

Ақиық ақын Мұқағали даналығы,

Қиын еді соғыс көрген балалығы.

Сағынып туған ауылын, Қарасазын,

Жырлайды ақын, Хан тәңірі мұз балығы.


Сағындырған ақ әжем

Асыл әжәм, ақ әжем сағындырған.

Әлдилеп ақ бесікте бағындырған.

Жеті атам, тегім менен туысымды,

Үйреніп, ізденуге табындарған.

Амал не алып кетті арамыздан,

Сұм ажал сыйлапты-ау қаралы заң.

Енді міне отырмын сағыныштан

Сарғайып, сол сыйлаған наразыдан.

Жан әже айтушы едің көп сырыңды,

Бастан кешкен әрі-қилы тағдырыңды.

Енді міне айта алмай өкінішпен,

Өзіңе арнап жазған ән-жырымды.

Әжетай өзің барда еркін едім,

Жылауға, күлуге де, не керегім.

Шақырса сізді біреу қонақ бол деп,

Ылғи да мені ертіп кетер едің.

Алақаныңды сағындым аялаған,

Қорыққанда өзіңнен сая табам.

Жан әже тастап кеттің неге мені,

Жер бесікке өзіңді қия алмаған.

Ұмытпаймын мейірім шашқан келбетіңді,

«Айналайын» деп айтқан тарбетуді,

Көп жылдар артта қалды, кетті әжең

Деп айтқанда, мәңгіге келмесіңді.

Отаным - жыр әнім!

Отан, Отан сенен ыстық от барма?

Табиғатыңмен тербетесің сан шақтарда,

Сенің биік тауларың мен көліңе.

Қызығамын тіпті мөлдір аспанға.

Ұнатамын күннің шығып, батқанын,

Ұнатамын әр күнімнің ақ таңын.

Бала кезден іздейтінмін аспаннан,

Сан жұлдыз бен аппақ айдың жатқанын.


Дара бол

Пайдасы жүгірудің, біріншіден –

Денсаулық - зор байлық қой, күшіңе сен!

Екіншіден - сымбатың, ақыл-көркің,

Сергектік, көңіл-күйің - үшіншіден.

Спорттың сан түрі бар қызықтырар,

Құштар боп, құмарлансаң шынықтырар.

әрдайым спортшылар жолын қусаң,

көркіңе ақылың сай келіп тұрар.

Қазақстан, алға ұмтыл, ылғи алға!

Бас ием қазақ туын тіккен жанға.

Ермахан, Бекзат, Бақыт, Бақтиярым,

Мың алғыс сіздей мықты асылдарға.

Қазақстан, шарықтат дабысыңды,

Біз болайық бақытпен қауышулы.

2011, Азияда! Отандастар,

Дара болғын, таптатпа намысыңды!


(Жалғасы келесі санда)