Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

ТУБЕРКУЛЕЗ - АСА ҚАУІПТІ ДЕРТ


14 апреля 2013, 09:07 | 2 504 просмотра



Туберкулез ауруы жайында медициналық ғылымның дами түсуіне үлкен әсер еткен жай – 1882 жылы Роберт Кохтың(1843 – 1910) ауруды қоздырушы микробты ашуы болды. Бұл микроб микроскоп арқылы қарағанда таяқшаға ұқсас болғандықтан туберкулез таяқшасы, немесе оны ашқан ғалым құрметіне Кох таяқшасы, немесе микробтар дүниесіндегі орнына байланысты туберкулез микобактериясы деп аталады. Неміс ғалымның бұл еңбегінің дүние жүзілік маңызы зор болды. Себебі осы микробты пайдаланып, бұл аурудың жұғу жолдарын, адам ағзасына оның қалай кіретінін, қай мүше құрылыстарын тезірек зақымдайтынын, қандай дәрілердең ем болатынын және аурудан сақтану жолдарын іздеп, зерттеу жұмыстарын жүгізді.

Туберкулез (Mycobactérium tuberculósis) микобактериясы арқылы жұғатын жұқпалы инфекциялық ауру.

Туберкулез қоздырғышы: туберкулез аурудың қоздыратын микробтың бірнеше түрлері бар. Ауруды қай ортада жұғуына байланысты:

1) адам,

2) сиыр және ірі қара мал,

3) құс,

4) тышқан,

5) балық және бақа сияқты суық қандылар туберкулезінің микробы болып бөлінеді.

Солармен қатар туберкулез микробының өте майда, басқа микроб өте алмайтын, сүзгілерден өтіп кететін түрі де бар. Бұл микробтар түрлері микроскоп арқылы қарағанда бірдей болмағандықтан, аурудың туберкулез микробының қай түрімен шалдыққанын лабораторияда арнаулы тексеру арқылы біледі.

Туберкулез микобактериялары жіңішке, түзу не сәл иіліп келген таяқшалар, ұзындығы 1 – 10, ені 0,2 – 0,6 мкм.

Жұқпалы аурудың тарайтын негізгі көзі - науқас адамнан түскен микробтары бар қақырық.

Өкпе туберкулезінің белгісі болып 2 апта бойы қақырықты жөтелдің болуы. Бұндай белгі байқалған барлық науқастар шұғыл түрде қақырықты зерттеуге өткізулері керек. Екі апта бойындағы жөтел көп жағдайда төменде көрсетілген белгілердің біреуімен (немесе бірнешеуімен) қатар болуы мүмкін:

• дене салмағының төмендеуі;

• шаршағыштық;

• ұзақ уақыт бойы дене қызуының көтерілуі 37градус ;

• түнгі тершеңдік;

• кеуде ауырсынуы, шаншуы;

• алқыну;

• тәбеттің болмауы;

• қан түкіру.

Осы белгілер пайда болған әр бір адам тұрғылықты жеріне байланысты емханаға тексерулуден өту керек . Алғашқы медициналық – санитарлық жүйенің дәрігері науқасты флюрографиялық және микроскопиялық зерттеулерге жібереді, тек туберкулез микобактериясы ғана абсолютты диагнозы қойылады.

Туберкулез ағзаның иммундық күштерінің әлсіреуінен туындауы мүмкін (жеткіліксіз тамақтану, ауыр жұмыс, үсу, стресстік жағдайлар). Зиянды әдеттер (шылым шегу, ішімдік ішу, есірткі қолдану) туберкулездің тез дамуына ықпал етеді.

Туберкулездің алдын алу шаралары. Қазіргі таңда туберкулезге қатысты қаралу тегін жүргізіледі.

Міндетті тексеруден: микроскопиялық және бактериологиялық, рентгенологиялық. Уақытында қойылған диагноз тиімді емнің жүргізілуі себепкер болады.

Ол үшін:

- кез-келген емханаға немесе Туберкулезге қарсы диспансерге қаралу қажет;

- медициналық қызметкердің бақылауымен ем қабылдау, дәрігер нұсқауларының барлығын орындау;

Туберкулезді алдын алудың екі әдісі белгілі: спецификалық және спецификалық емес.

Олар: БЦЖ вакцинациясы және ревакцинация;

салауатты өмір салты;

дұрыс тамақтану;

дене белсенділігі;

зиянды әрекеттерден бас тарту.

Туберкулез – бұл тек қана медициналық емес сонымен қатар қоғамдық проблема. Сондықтан туберкулездің өсуін, өзінің күнделікті өмірінде туберкулез туралы білімін қолданатын кез келген адам тоқтата алады.

Сондықтан да, туберкулездің алдын алу мақсатында шараларын да орындау қажет.

Автор:
Б.Ж. ИМАНКУЛОВА, Жаркент туберкулез ауруханасының фтизиатр- дәрігері, Панфилов ауданы