Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

ҚҰРМЕТТІ ДОСТАР, ҚАДІРМЕНДІ ЖЕРЛЕСТЕР!


23 марта 2013, 13:56 | 1 375 просмотров



Баршаңызды ұлтымыздың ең ұлық мерекесі Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл – біздің төл мерекеміз.

Ұлыстың ұлы күні – Наурыздың кемінде бес мың жылдық тарихы бар. Сондықтан бұл мереке – біздің халқымыз үшін ерекше қымбат.

Табиғат заңдылығымен жыл басы болып, жақсылықтың жар¬шы¬сына айналған Наурыз мейрамы адамзат тарихымен бірге жасап ке¬леді. Сондықтан Наурыз – адамды ұлты мен нәсіліне, тілі мен дініне бөл¬мейтін жалпыхалықтық ізгі мереке.

Біздің ұлттық құндылықтары¬мыз, рухани мұраларымыз әз-Нау¬рызбен біте қайнасқан. Тарихтың талай бұралаң жолдарынан өткен тағдырлы халқымыз қандай кезеңде болса да Наурызды жадынан шы¬ғар¬ған емес.

Ақ пейіл жұртымыз қашанда Ұлыстың Ұлы күнін ақ дас¬тарқан жайып, ақ тілекпен қар¬сы алған. Елдің тыныштығын, ха¬лықтың ынтымағын тілеген. Бұл күні бұлақ көзін ашып, шыбық қадап, көршісіне көмек беріп, сауап¬ты ізгі істермен айналысқан.

Наурыз – бұл тек көктемнің ғана емес, бұл ең әуелі ізгілік пен жақсылықтың мейрамы. Ұлыстың осы бір ұлы күні жер бетіндегі қанды соғыстар, дау-жанжалдар тоқтатылып, адамдар бір-біріне деген өкпе-реніштерін ұмытып, кешірімге келіп, татуласып, табыса білген. Халқымыз мол дастарқанын жайып, ақ жарқын көңілмен жүздесіп, дәм татысып, өткен-кеткеннен сыр тартып, барша адам баласына жақсылық, аманшылық тілеп, жастарға ақ баталарын берген.

Наурызда Қыдыр бабамыз бар жақсылықтың, молшылық пен берекенің киесі болып келеді. Ол – үміттің шырағын жағатын кие деген түсінік бар. Сондықтан мейірімі түскен жаңа күнді қуана қабылдаймыз.

Қазақстандағы жүздеген ұлт пен ұлыстардың өкілдері бір-бірімен тату-тәтті, берекелі өмір сүріп жатыр. Әз Наурыздың адам баласын ізгілік пен сыйластыққа, ынтымаққа тәрбиелейтін тереңнен тартар ежелгі қасиетін біз барлық қазақстандықтардың бойына дарытуға, оны өз өміріміздің салтына айналдыруға міндеттіміз.

Қадірлі жерлестер!

Бәріңізді көктемнің жарқын мерекесі Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын.

Наурыз күні ойға алған барлық арман-мұраттарыңыз орындалып, үміттеріңіз ақталуға жазсын!

Әз-Наурыз баршаңызға жақсылық сыйлап, шаңырақтарыңызға құт-береке әкелсін! Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық тілейміз!

Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын, ардақты ағайын!

Ізгі ниетпен,

Автор:
Нұрым НҰРЛЫБЕКҰЛЫ "ЖӘРДЕМ" газеттің бас редакторы