Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

ТӨРТ КҮННЕН КЕЙІН ТІРІЛДІ


23 марта 2013, 13:44 | 1 192 просмотра



Британ ғалымдары жарық дүние есігін ашқан сәбидің өмірі үшін төрт күн бойы арпалысуға тура келді.

Тағатсыз жұмыс істеген ақ халат¬тылар өмір мен өлім аузында жатқан Эд¬вард Айвес атты кішкентай бүлдір¬шін¬нің дене температурасын 37 градус¬тан 33,3-дейін төмендетуге мәжбүр бол¬ды. Жалпы, адамның жүрегі қажетті нор¬маға сәйкес минутына 160 рет соқ¬са, сәбидің жүрегі тоқтаусыз 300 рет со¬ғатын болғаннан кейін дәрігерлер амал жоқ басқа әрекетке жүгінуге мәж¬бүр болған. Олар сәбидің денесіне қа¬лыпты дене қызуын төмендететін жаб¬дықтар орнатқан.

Бұл туралы шешесіне құрсақта жат¬қан баланың сегіз айлығы шамасын¬да ескертіліп, егер өмірге келген жағдайда оның денсаулығында кінәрат болатын¬дығы айтылған. Ақыры уақыты жеткен кезде екіқабат әйелдің ішін жарып алу арқылы (кесарево сечение) сәби жарық дүние есігін ашқан. Бірақ баланың жү¬рек соғысы минутына 300-ді көрсеткен.

– Дәрігерлер бұл туралы маған ескерткен кезде қатты үрейленгенім рас, – дейді бүлдіршіннің анасы. 33,3 градус дене қызуының төмендетілген температурасымен төрт күн бойы жатқан баланың ақыры қан айналымы қалпына келді.

– Арнайы аппаратта қан-сөлсіз қи¬мылсыз жатқан баламның жүзіне қа¬рау¬ға мүмкін болмады, – дейді сәбидің шешесі.

Алайда жүрегі жиі соққан кішкентай сә¬бидің денсаулығы жақсарды.

Жалпы, ағылшын дәрігерлерінің мұн¬дай жанкешті әрекеттері көп-ақ. Олар жақында туа біткен ауруы бар, бас сүйек қаңқасы ірімшік тәрізді әр жерінен тесілген сәбиге күрделі ота жасады. Бес сағатқа созылған ота барысында хирургтер баланың миының бір бөлігін бөлек алып жасауға мәжбүр болды.

Дәрігер София Тимминстің айтуы бойынша уақыт өте келе қыздың жағдайы жақсарады, бәрі де қалпына келеді.

Автор:
ҚАЗАҚПАРАТ