Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

8 ЖАСТАҒЫ БАЛА 61-ДЕГI ӘЙЕЛГЕ ҮЙЛЕНДI


23 марта 2013, 13:42 | 1 951 просмотр



“Оңтүстiк Африка Республикасының Цване аймағында тұратын 8 жасар Санель Масилела бес баласы мен күйеуi бар, 61 жастағы Хелен Шабангу атты әйелге үйлендi”, – деп жазады The Daily Mail. Санельдiң анасының айтуынша, үйленейiн деп отырған баласына Санель деп атасының атын қойыпты. Ал атасы кезiнде Хелендi қатты ұнатқан екен. Марқұм атасы бала Санельге елес болып көрiнiптi және оған қалыңдық ретiнде өзiнiң ғашығы Хеленге үйленудi “бұйырған”. Аруақтың тыныш жатуы үшiн және назасына қалмауы үшiн ұлдың ата-аналары Санельдi “Хеленге үйленуi керек” деп шешедi.

Олар заң жүзiнде “ерлi-зайыпты” болып тiркелмеген. Келiсiм бойынша, той аяқтала сала, әркiм өз жолымен кетедi. Әрине, 8 жастағы Санель “үлкейгенде өзiм қатарлы қызға үйленемiн” дейдi. Ал Хелен болса, отбасының тiлеуiн тiлеуде.

Айтпақшы, тойға жүз адамдай қатысқан. Үйлену то¬йын аруақты сыйлау үшiн өткiзгенiмен, “күйеу” жiгiттiң туыстары “қалыңдыққа” 750 доллар төлеген және тойға деп мың жарым доллар шығындапты.