Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

“ВАЛЬКИРИЯ” ОПЕРАЦИЯСЫНА ҚАТЫСҚАН CОҢҒЫ АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ


23 марта 2013, 13:41 | 1 213 просмотров



Эвальд-Хайнрих фон Кляйст 1944 жылы Гитлердi өлтiруге тырысқан едi. Бұған тағы да вермахтың бiрнеше генералдары мен офицерлерi жұмылдырылған болатын. Бiрақ “Валькирия” деп аталатын бұл операция сәтсiз шықты. Операцияны полковник Клаус Шенк фон Штауффенберг басқарады. Ал фон Кляйстiң жұмысы – бомба салынған портфельдi Гитлердiң ордасына кiргiзу болатын.

Гитлер генералдармен жиналыс өткiзiп жатқан бөлмеге бомбаны Штауф¬фенбергтiң өзi орналастырады. Жарылғыш зат салынған портфельдi дәл фюрердiң қасына қойып, өзi телефон шалуды сылтауратып, Гитлердiң ордасынан шығып кетедi. Әлгi портфельдi фюрердiң адъютанты Гитлерден алыстау жерге, яғни, столдың астына қарай итерiп қояды. Жарылыстан төрт адам қайтыс болады, ал фюрер бiрнеше жерден жараланады және контузия алады.

Астыртын әрекетке қа¬тысқан он шақты адам лезде ұсталып, мұның барлығы атылады. Оның iшiнде фон Кляйстың әкесi де болды. Фон Кляйст өзiнiң “Валькирияға” қатысқанын жасырып баққанымен, бәрiбiр ұсталып, концлагерьге жiберiледi.

Екiншi дүниежүзiлiк соғыс аяқталған соң Эвальд-Хайнрих фон Кляйст публицистикамен айналысады. “Ол 90 жасқа келiп қайтыс болды” деп жазады The Guardiаn. Бiрақ оның неден, қалай қайтыс болғаны жайлы ештеңе айтылмапты.