Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

ЖЫРТҚЫШ АҢДАРМЕН БIРГЕ ТҰРМАҚШЫ


23 марта 2013, 13:40 | 1 592 просмотра


Украинада бiр жекеменшiк хайуанаттар бағының иесi бiр жыл уақыт өз үйiнде арыстандармен бiр¬ге тұруды ұйғарыпты. Ол мұнысын “қамқорлықты қажет ететiн жыртқыш аңдарға қаржы жинау үшiн” жасағанын айтады.

Александр Пылышенко арыстандармен торлы қорада және пешi бар саяжайда тұратын болады. Жыртқыш аңдармен бiрге тұрған кезде олардың суреттерiн салады және кiтап жазады.

Пылышенконың арыстандармен тұрған бiр күнiне 3,8 рубль төленуi керек екен. Әрине, бұл ақша “жыртқыш аңдардың қамқорлығы үшiн ашылатын орталыққа” аударылуы қажет. Ол жиналған қаржыға жыртқыш аңдарға арнап реабилитациялық орталық ашпақшы. Оған 25-тей жыртқыш аң ұстауға болады.

А.Пылышенко бұл жобаны қай уақытта iске асыратыны туралы ештеңе айтпайды. “Барлығы жобаны iске асыратын меценаттардың табылуына байланысты болмақ”, – дейдi ол.

Автор:
ҚАЗАҚПАРАТ