Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

ҚАН АЗДЫҚ «АНЕМИЯ», ОДАН ҚАЛАЙ САҚТАНАДЫ?


15 марта 2013, 14:51 | 10 613 просмотров



Аурудың дамуына қан кету, түрлі инфекциялар, тұқым қуалайтын жетімсіздіктер немесе созылмалы аурулар себепкер болуы мүмкін. Дегенмен қан аздық сырқаттың таралуының негізгі – көзі- тәнге темірдің жетіспеушілігі. Сондықтан оны-теміржетіспеушалак қан аздығы деп те атайды. Тәнге қажетті оттегі мөлшерінің бұзылатндығынан жүктілік қорытындысынң қолайсыздықтары жиі кездеседі. Қан-аздығы, әсіресе, босану кезінде қауіпті. Ана мен бала өліміне көп ретте себепкер қан аздық ауруы болатыны сондықтан. Бұл ауру баланың даму процессін кешеуілдетеді, басқа да қауіпті жәйіттердің дамуына жағдай жасайды.

Аурудың бұл түрінен сақтануға бола ма? Аурудың дамуы көп жағдайда адамның тамақтану рационында темір сіңімділігін құрайтын азықтық заттардың жетіспеуі не байланысты. Оларға ет, бауыр ірі бұршақ, көкөністер жатады. Жемістер мен көкөністерді немесе олардың шырын суларын тамақтану рационына мүмкіндігінше жеткілікті мөлшерде енгізу керек. Жүктілік, босану және бала емізу кезінде әйелдерде темірге деген қажеттіліктік күшейеді. Ал, балалар тәнінің темірді тілеі олардың физикалық жағынан тез өсуіне байланысты. Мұндайда еске салатын бір жәйіт, шайды кофені немесе каконы тиісті мөлшерде көп ішу азықтық өнімдердегі темірдің тәнге сіңуіне кедергі келтіреді. Бірақ, бұл сырқатты тек жеткілікті мөлшерде тамақтану арқылы ғана емдеу өте күрделі. Өйткені темір жағдайында темірдің тәнге сіңуі шектеулі шамада. Соңғы уақытқа дейін ауруды емдеудің басты әдісі құрамында темір бар дәрілерді қабылдау болып келді. Оларды әдетте, тамаққа дейін С витаминімен қосып ішеді. Сондай ақ, уақытша ғана көмектесетін аты аталған дәрі-дәрмектер жанама кері әсер: құсу, лоқсу іштің ауруы: аллергиялық реакциялар тағы басқа беруі де мүмкін. Науқастың қандай дәріні қашан, қандай мөлшереде ішу қа жеттігін дәріге ғана шешеді. Тамақтану инстутында қан аздыққа қарсы тұратын жоғары әсерлі азықтық өнім дайындалды. Ол-органикалық және органикалық емес қышқылдар, көмірсулар бірнеше витаминдер, микроэелементер және басқа биологиялық белсенді заттар қоспасынан тұратын қосымша тағам. Ол қан аздықты емдеу мерзімін 2-4 есеге қықартып, жаңа туған нәрестелердің жағдайын жақсартады, бала емізетін аналардың сүтін көбейтеді. Олар қан аздықты емдеу мерзімін 2-4 есеге қысқартып жаңа туған нәрестелердің жағдайын жақасаратады бала емізетін аналардың сүтін көбейтеді. Олар қан аздықұтың алдын алып, денсаулықты нығайтады.

Қаны аздық анемия баланы дұрыс тамақтандырмаудан болады. Әдетте, алты айдан асқан сәбиді көбіне емшек сүтімен тамақтандырып, қосымша тамақ алмастырғандықтан, сәби осындай болады. Мұндай сәбилерге дәрігер темірдің әртүрлі препаратын сонымен бірге оның жасына байланысты әртүрлі теңестірілген тамақты беруді белгілеуі қажет. Бала тамағына құрамында мал еті, белогі мен темір тұзына бай азықтарды қосу аса маңызды.Жасанды тамақпен тамақтанатын емшек жасындағы сәбилер міндетте түрде сүзбе, жұмыртқа, ет жеуге тиіс. Белок аздығы темірдің сіңірілуі үшін керек. Бұл эритроциттердің құрылымын, гемоглобиннің түзілуін жақсартады. Жеміс шырындарын қолдану ағзаға нан, жұмыртқа құрамындаға темірідң сіңірілуін арттырады. Сиыр еті мен бұзау етіндегі темір жақсы кортылады. Сондай ақ, балаға қан толтыратын микроэлементтер мен витаминдер қажет. Олар көкөністер: қызылша, капуста, сәбіз, помидор, асбұршақ, сондай ақ салат, аскөктерде мол болады. Жемістерден: антон аламасында, жидектерде: қарақатта, бүлдіргенде, шиеде көп болады. Өмірде, тұрмыста бар мүмкіндіктерді пайдалана отырып қан аздықтан ссақтануға әбден болады.

Автор:
А.МАМЫРБЕКОВА, Қызылту ауылдық амбулаториясының медбикесі, Ақсу ауданы.