Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

АЛҒАШҚЫ КӨМЕК


15 марта 2013, 14:47 | 9 324 просмотра



Алғашқы көмек — адам өміріне немесе денсаулығына кенеттен қауіп төнгенде оның өмірін сақтап қалу үшін немесе апаттың зиянды әсерін азайту үшін қолданылатын қарапайым шаралар. Апаттың қатарына әр түрлі жарақаттар, сынық, буынның шығуы, улану, суға бату, күю, үсу, электр тоғы соғу, т.б. жатады. Алғашқы көмектің негізгі шаралары: апатқа түскен адамды апат әсерінен құтқару (өрттен, судан шығару); апаттың зиянды әсерін тоқтату (адамды жылыту, иіс тисе таза ауа жұтқызу); қан тоқтату, жараны байлау, сынған аяқтың немесе қолдың қозғалысын тежеу; жасанды дем алдыру, жүрекке жабық массаж жасау, апатқа түскен адамды тезірек емдеу мекемесіне жеткізу немесе жедел медициналық көмек көрсететін дәрігерлер тобын шақыру.

ЖҮРЕК ҚЫЗМЕТІНІҢ ТОҚТАУЫ

Белгілері: естен тану, тыныс алу мен тамыр соғысының жоғалуы, терісі көгілдір-сұр. Сенің әрекеттерің: жасанды тыныс алдыру және жүректі жанамалай уқалап, сылау.

Жүректі жанамалай уқалап, сылаудың әдісі: - Зардап шегушінің жанына тізе бүгіп тұрып, оның жағасының түймелерін ағыт, оны тегіс қатты жерге шалқасынан жатқыз. - семсер тәріздес талшықты саусағыңмен сипала; - қолдың екі саусағын мойынға қарай бағыттап қой; - мойынға қарай бағыттап оның қасына алақаныңды бас.

- келесі қолыңның алақанын, қойылған қолдың үстіне қойғанда, екі қолдың саусақтары да жоғары қарап тұруы тиіс; - қолдарды созып денеңнің салмағын қажетті нүктеге тіктеп түсір, күш созылған қолдар арқылы берілетін болсын. Қысу тәртіптері: Үлкендерге - минутына 60 - 70 -тен кем болмауы тиіс; Жас өспірімдердің кеуде клеткасын 4 см-ге дейін (70-80 рет) қысады; Балаларға - үлкендердің бір қолының күші жеткілікті (100 рет); Нәрестелерге - екі саусақтың күші жеткілікті (минутына 100 - 120 рет).

Жасанды тыныс алудыру мен жүректі уқалап, сылау әдістері (жүрек - өкпе реанимациясы)

Есіңде болсын! Тек қана естен тану, тамырлардың соқпауы, тыныс алудың жоқтығы кезінде жүргізіледі!

- Зардап шегушіні шалқасынан жатқыз (мықты, қатты жерге), аяғын көтеріңкіреп қой. - Зардап шегушінің өкпесіне екі рет ауа үрлеу әрекетін жаса, содан кейін жүрегіне жабық уқалау, сипалау жұмыстарын жүргіз: - бір қалыппен: 15 рет - жүректі жанамалай сылаумен және 2 рет - өкпені жасанды желдендіру әдістерін жаса. Осындай 4 циклден кейін тағы тамыр соққанын тексер, егер байқалмаса онда: Жүрек - өкпе реанимациясын жалғастыр. Жүрек - өкпе реанимациясын: -терінің қызаруы; -ұйқы күре тамырының соғысын байқалу; - қайта тыныс ала бастаған кезде табысты өткізілді деп санауға болады.

ТЖ органдары сейсмикалық белсенділіктің басылуы туралы хабарлайды. Адамдар біршама тынышталып, аман қалған үйлеріне қайта бастайды. Аз уақыт ішінде таң атады. Күтпеген апаттан қираған тірлікті қайта қалпына келтіре бастайды.

== ЫСТЫҚ ТИЮ ==

Белгілері: әлсіреу, жүрек айниды, құсқысы келеді, тері бозарып, жабысқақтық пайда болады, тыныс алуы жиілей түседі және тамыр соғысы жиелейді, әлсіз. Бас ауырады, айналады, естен тануы мүмкін, сіңірі тартылады. Сенің әрекеттерің: -Зардап шегушіні салқын, жақсы желдетілген жерге, желдің өтіне жатқыз. Үйде желдеткішті қолдан. - Басы мен жүрек төңірегін суық сумен салқындат; суық тартуды шат төңірегіне, қолтық астына және мойынға қой. - Аяғын сәл көтеріңкіре. Тар киімнің түймелерін ағыт. - Алдын ала тұз салып су бер (1 литрге 1 шай қасық тұз). - Егер зардап шегуші есінен танып, тыныс алуы тоқтаса, "ауызды ауызға" әдісімен жасанды дем алдыр.

ҚҰСЫҚ, ЛОҚСУ

Белгілері: ауыз арқылы асқазанның ішіндегісі еріксіз шығады. Сенің әрекетің: - Лоқсу басылғанға дейін қатты тамақ берме. Лоқсығанына қармастан, құсу көпке дейін тоқтамаса да көбірек сұйықтық бер. - Егер құсқан кезде бас қатты ауыратын болса, немесе іш ауырса, егер құсық массасы қан араласқан болса немесе қара, қоңыр кофе қоюлығына ұқсаса, жылдам "103 жедел жәрдемін" шақыр!

Машинаны айдап келу үшін жүргізушіге қоңырау шалдық; одан әрі қарай машинамн кетуді шештік. Әсет жеңілдеп қалды, ол соққан самалмен бірге қайтадан шиқылдап дауыс шығара бастады. Міне ормандардың жұрнақтары. Ғажайып көрініспен иілген ағаштар пейзажға әлдеқандай бір қиял-ғажайып түр беріп тұр. Жүктерімізді түсірдік, алдымен ыстық өтудің қатал сынына тап болған Әсетті шатырға қалдырамыз. Әр жерде жаппалар мен шатырлар тігілген. Балықшылар өздерінің ауларымен жағада қатып қалған. Жүзімді шығара беріп едім ... ара! Бұл қайдан шықты? Ой қалай ауыртады...

АРАНЫҢ, СОНАНЫҢ, ЕСЕК АРАНЫҢ ШАҒУЫ

Сенің әрекетің: - Егер шаққан жерде бізі қалса, оны қысқышпен байқап алып таста (ара бізін қалдырмайды). - Жараға жартылай спиртті компресс немесе бал шелпегін қой (бақбақ гүлі сабағының "сүтін" қолдануға болады). - Димидорл, пипольфен немесе супростин дәрмектерін ішкіз.

Аллергиялық естен тану дамыған кезде

Белгілері: күре тамыр қысымы күрт түседі, демігу, жүрек айналасының және іштің ауруы, естен тану. Есіңде болсын! Ауру жағдайында аллерген организмге енгеннен кейін 1-2 минуттың ішінде өліп кетуі мүмкін.

Сенің әрекетің: сырқатты шалқасынан оның аяғы басынан биік болатындай етіп жатқыз. Тар кимідерінің түймелерін ағыт. Таза ауаның кіруін қамтамасыз ет.

Есіңде болсын! Егер сырқат естен танып қалса, оған ешқандай дәрі - дәрмек беруге немесе аузына су құюға болмайды.

Тыныс алуы бұзылып, жүрек қызметі тоқтаған кезде "ауызға - ауыз" әдісімен жасанды дем алдыру және жүректі жанамалай уқалап, сылау қажет. "103 - жедел жәрдмін" шақыр.

Шағып алды. Балалар айналаны тамашалу үшін жүруге дайындалып жатыр. Мен ауырсына отырып "шаруашылықта" қалдым. Жақын жердегі шатырдан бір ер адам танысуға келді. Мені ара шағып алғанын естігеннен кейін, бұл жерде - бұдан да қауіпті жағдайлар болатынын ескертті. Бұл жерде жыландар, кенелер және шаяндар бар көрінеді. Балаларға абай болу керектігін ескертіп жатырмын. Тағы бір қырсыққа тап болсақ не істеу керектігін ойланудамын; қайдағы бір жабысқақ бірдеңе шағып алуы мүмкін ғой.

КЕНЕНІҢ ШАҒУЫ

Белгілері: қал сияқты қара дақ. Шаққан жері білінбейді, ауырмайды (немесе қызыл көпіршік, - қанды сорған кене). Сенің әрекетің: кенемен терінің төңірегіне сұйық май тамызып, сәлден соң оны қысқыштың ұшымен теріден баяу қозғалыспен алып таста. Егер қысқыш жоқ болса, кененің басы терімен түйіскен жерге жай жіп ілгекпен байланады. Жіптің ұшын тартқанда оның ілгегі кенені ақырындап тартып шығарады. Шыққан жерін йодтың ерітіндісімен, зеленке немесе спиртпен сүрт. Теріні тілуге және күйдіруге болмайды. Қалаға келгеннен кейін емханаға қарал.

КӨЗДІҢ ЖАРАҚАТЫ

Белгілері: көз жабылады немесе жыпылықтайды, ісінеді, қызарады, қатты ауырады. Сенің әрекетің: -Көзді немесе қабағын жаралап алған кезде көзді таза жұмсақ матамен жауып, таңғышпен қатты тартпай байлап қой. Келесі көзді де жауып қой. - Көз төңірегін ұрып алған кезде зақымдалған көзге суық компресс бас. - Көзге күйдіретін химиялық зат түскен кезде оны сумен ұзақ шаяды, ол үшін басты еңкейтіп, саусақтармен қабақтарды ашады. Көзге қышқыл түскенде 10 мин бойы ағынды сумен шаяды, сілтілер түскенде - 15 минут, белгісіз химиялық зат түскенде - 20 минут. - Көзге бөгде заттар түскенде өзбетіңмен көздің алмасына немесе мөлдір қабақтың төңірегіне түскен кішкентай затты алуға әрекеттенбе. Бұл жағдайда екі көзді де таңып таста. - Бөгде зат көздің ағына немесе қабақтың ішкі жағына түскен кезде мынадай амал жаса: көздің ағынан немесе қабақтың үстінен ылғалданған бет орамалдың ұшымен іліп ал. Егер сізге ештеңе көрінбесе, кірпікпен жоғары қабақты төменгі қабаққа қарай соз. Бұл түскен затты орнынан қозғайды. Әрекетің сәтсіз шықса жоғарғы қабақтың кірпігін алып оны созыңыз. Оған сіріңкенің талшығын қойып оған қабақты ораңыз. Содан кейін көрінген затты жоғарыда көрсетілген әдіспен алыңыз. Егер әрекет тағы сәтсіз болса - тұратын мекендегі окулистке қарал. Осы жағдайлардың барлығында "103 - жедел жәрдмін" шақырыңыз.

Әйелім ұсталған балықпен оралды. Оншалықты кішілеу балық. Бұл жез балық. Өте дәмді "патша балық". Ендеше, балық сорпасы болады! Және, тағы бір жағымсыз жағдай болатын сияқты. Ол құлағына әлдебір шіркейдің кіргеніне шағым айтады.

ІШ ӨТУ (ДИЯРЕЯ)

Сенің кеңесің: Аурудың белгілері жойылғанша ауруға тамақ берме. Ең болмағанда әдеттегіден жарты - литр артық тәттісі жоқ сұйықтық ішкіз.

Есіңді болсын! Сүт ішуге болмайды! - 1 литр суытылған қайнаған суға 1 шай қасық тұз және 4 шай қасық қант қос немесе дайын регидрон таблеткасын іш. - Аспирин және ауруды басатын дәрі-дәрмек қабылдама. - Егер бір тәуліктен кейін жеңілдікті сезінбесең, дәрігерге қарал.

Автор:
А.МАМЫРБЕКОВА, Қызылту ауылдық амбулаториясының медбикесі, Ақсу ауданы.