Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

ТУБЕРКУЛЕЗ


15 марта 2013, 14:45 | 1 498 просмотров



Туберкулез – бұл микробактериялармен жұғатын ауру. Ереже бойынша, туберкулез өкпені зақымдайды, бірақ сирек жағдайларда дененің басқа бөліктерін миды, сүйек жүйесін және лимфалық түйіндерді зақымдайды.

Туберкулез бір адамнан екінші адамға ауа - тамшы жолдары арқылы жөтелгенде, түшкіргенде, туберкулезбен ауырған адамммен тығыз қарым- қатынаста жұғады.

Туберкулез қалай жұғады?

Адам туберкулезді екінші адамнан жұқтыратынын білу маңызды, ереже бойынша ауруы белсенді формада жүрген адаммен ұзақ уақыт қарым-қатынаста болғанда туберкулез жұғады. Теоретикалық тұрғыда, сіз туберкулезді жұқтыруыңыз үшін туберкулезбен ауырған адаммен жарты жыл ішінде күніне сегіз сағат уақыт өткізіңіз, екі ай ішінде 24 сағат ол адаммен бірге тұрыңыз.

Ал егер туберкулезбен ауыратын адам екі апта ішінде қажетті емдеулерден өтсе, одан ауру жұғу екіталай. Туберкулез науқас адам ұстаған заттар арқылы жұқпайды.

Туберкулез ауруын жұқтыруға қабілетті адамдар категориясы бар;

- Балалар;

- Қарттар;

- Қант диабетімен ауыратын кісілер;

- Стериодты қабылдайтын адамдар;

- Иммундық жүйені әлсіздендіретін дәрі-дәрмектерді қолданатын адамдар;

- Иммунодефицит вирусын таситын адамдар;

- Жағымсыз жағдайларда (адамдардың пәтерде көп жиналуы, үйде гигиеналық нормалардың сақталмауы) тұратын адамдарҒ;

- Алкогол және нашақорлыққа салынған адамдар;

- Денсаулығы әлсіз адамдар.

Егер сіз осы категриялардың біріне жататын болсаңыз, егер жақындарыңыздың біреуі туберкулезбен ауырса міндетті түрде дәрігерге қаралыңыз.

Туберкулезді қалай жұқтырмауға болады?

Егер адамда туберкулездің белсенді түрі болатын болса, ол кісімен ауасы тар бөлмеде ұзақ уақыт болмаңыз. Ол кісімен қарым-қатынасқа түспес бұрын, ол кісінің тым болмаса екі апта ем қабылдағанын анықтаңыз.

Туберкулезбен ауыратын адаммен бір бөлмеде жұмыс істейтін болсаңыз, қорғаныс бет перделерін қолданыңыз.

Егер сіздің жаныңыздағы адамдардын біреуі туберкулезбен ауырады деп күдіктенсеңіз ол кісіні дәрігерге баруға немесе емделуге көндіріңіз.

Туберкулездің таралмауының маңызды жағдайларының бірі әрдайым бөлменің ауасын тазартып тұру.

Қазіргі кезде туберкулез жылына 4 миллионнан астам қаза табатын әлемде кең таралған аурулардың бірі. Туберкулез өкпенің қабынуына алып келетін қоздырушы микробактериялардан туындайды.

Автор:
А.О.МАМЫРБЕКОВА Қызылту ауылдық амбулаториясының медбикесі, Ақсу ауданы